Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым Руслан Жақсылықовтың қорғаныс министрі қызметінен кетуі қоғамда туындаған түрлі болжамдарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл отставка күтпеген жағдай емес, президент Тоқаевтың алдын ала ойластырылған және бірнеше ай бойы талқыланған шешімі болған, деп хабарлайды “Адырна”.
«Бұл шешім депутаттар мен мемлекеттік аппарат үшін тосын емес. Жақсылықов мырзаның отставкасы бірнеше айдан бері талқыланып жүрген тақырып болатын», – деді Айдос Сарым DW-ге берген сұхбатында.
Ол Жақсылықовтың қызметтен кетуіне қатысты әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған нұсқаларды негізсіз деп бағалап, бұл қадамның ешқандай да төтенше оқиғалармен байланысты емесін атап өтті.
«Жақсылықов Қаңтар оқиғасы кезінде министр болып тағайындалды. Бұл армия мен арнайы қызметтердің әлсіреген, сенімсіздік жайлаған кезі болатын. Президент Тоқаев сол кезде батыл шешім қабылдап, тәжірибесі мол, әскери ортада беделі бар генералды таңдады. Бұл – сол кездегі жағдайға сай дұрыс шешім болды», – деді Сарым.
Сондай-ақ ол Жақсылықовтың министр ретіндегі қызметіне оң баға берді. Оның айтуынша, генерал-полковник Қарулы

«Егер бір күні Қарулы Күштердің тарихы жазылатын болса, Жақсылықов – сол тарихта қалатын министр. Ол — институционалдық реформаларды жүзеге асырған, армияның болашағына негіз қалаған тұлға. Қазіргі парламент шақырылымы кезінде әскер мен әскери қызметке қатысты бес маңызды заң қабылданды», – деді депутат.
Бұған қоса, Айдос Сарым Ұлыбританиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қатысты тараған қауесеттерді де жоққа шығарды.
«Барлығы келісілген. Бұл келісімде ондаған мың офицер туралы сөз болып отырған жоқ. Бұл — нақты бағыттар бойынша дайындалатын жекелеген мамандар. Бірақ кейбір көршілеріміздің Батыспен қарым-қатынасқа қатысты шамадан тыс сезімталдығына байланысты түрлі алып-қашпа әңгімелер тарап кетіп жатады», – деп түсіндірді ол.
Айдос Сарым қазіргі геосаяси жағдайда Қорғаныс министрлігіне жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдер қажет екенін айтты. Осы себепті жаңа министр Даурен Косановтың тағайындалуы — армияны жаңғырту жолындағы қисынды қадам екенін атап өтті.