«Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті

649
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/4a78dce1-e373-4125-b2ec-ffa15d127b41-960x500.jpeg?token=6e4147c7d2bdb27f99768a8176bda3fd

Алматылық «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко қызметінен кетті. Бұл турплы ол ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”. 

Meta-ratings.kz спорт порталының мәліметінше, испаниялық жаттықтырушымен еңбек шарты аяқталып, тараптар келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған. 

Веласко 2023 жылдың тамыз айынан бастап «Қайрат» клубының тізгінін ұстады. Осы уақыт аралығында ол клубпен бірге көптеген айтулы жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, оның жетекшілігімен алматылық команда екі

рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Ел кубогы мен Португалияда өткен халықаралық Masters Cup турнирінің жеңімпазы болды. 2025 жылы футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының күміс жүлдесін еншіледі. 

«Қайрат» футзал клубы ұжымы Марлон Веласкоға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы бапкерлік мансабына сәттілік тіледі. 

Бейресми ақпарат бойынша, плей-офф кезеңі аяқталғанша команданы клубтың спорт директоры Густаво Парадеда жаттықтыруы мүмкін. 

Комментарии