Бүгін Үндістанда Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған ұшақ апатынан 242 жолаушының біреуі ғана аман қалды. Бұл туралы India TV телеарнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ол 11А орнында отырған»,—делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, ұшақ дәрігерлер жатақханасының маңында құлаған. Құтқару қызметтері оқиға орнына екі-үш минут ішінде жеткен.
Бортта 169 үндістандық, 53 британ азаматы, 7 португалиялық және 1 канадалық жолаушы болған.
NDTV телеарнасының мәліметінше, Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған Air India рейсінің апатқа ұшырауына ұшақтың құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін.