Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында жаяу жүргіншіні жедел жәрдем көлігі қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 11 маусымда болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жолдың жүргін бөлігінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққыдан зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмған.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша түсініктеме берді.
«Жол-көлік оқиғасына байланысты полицияда қылмыстық іс тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» - деді.
Жергілікті билік өкілдері барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын күшейтуге шақырды.