Ажал терезесі. Керекуде екінші қабаттан құлаған сәбиге қауіп жоғы айтылды

550
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c
Павлодар қаласында бір жасар сәби екінші қабаттағы терезеден құлап, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Павлодар облысындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкеневаның айтуынша, оқиға салдарынан сәбидің денесінен сырылған жаралар мен көгерулер анықталған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Баланың өміріне тікелей қауіп жоқ. Сәуір айынан бері облыс бойынша балалардың терезеден құлауына байланысты жеті жағдай тіркелген. Өкінішке қарай, оның екеуі қайғылы жағдаймен аяқталған. Осыған байланысты уәкілдер мен дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасап, терезелердің маңында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда анасы 4 жастағы ұлымен бірге терезеден құлап кеткен болатын.
Комментарии