Түркіменстан жұқа көйлек киюге тыйым салды

4299
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық құндылықтарын бәрінен жоғары қоятын түрікмен халқы осыған дейін шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуға ниетті қыздарына төленетін қалың малдың бағасын көтеріп еді. Енді ел басшылығы арулардың әдемілігін сақтап қалу мақсатында, оларға жұқа көйлек киюге тыйым салды. 2012 жылдың сәуірінен бастап балалар кітапха­налары, республикалық музыка мектебі, консерватория және музыка училищесінің қыз-келіншектері ұлттық ою-өрнекпен әдіптелген көйлек қана киеді. Айталық, көйлек жеңінің ұшы алақанның ортасына дейін түсіп тұруы керек, мата бір түсті жә­не үлбіреп, дене көрініп тұрмауы тиіс. Бұл нұсқауға Мәдениет министрі Гунча Ма­медова қол қойған.

Қысқасы, шифон секілді мөлдір ма­тадан көйлек киюге мүлде болмайды. Де­нені ашық-шашық ұстайтындарға ескерту жасалып, қатаң сөгіс беріледі. Ал жұмыс барысында жеңі ұзын көйлек киюге бол­майтынына шағымданған музыка мек­те­бінің ұстаздарына жұмыстан шығуға өті­ніш жаза берулеріне кеңес берілген.

 

Пікірлер