Бұқар жырау: Би жігітке жарасар…

8048
Adyrna.kz Telegram

Биік тауға жарасар

Ығынан тиген панасы.

Терең сайға жарасар

Тобылғылы саласы.

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы.

Ақсақалға жарасар

Тілеуқорлық айласы.

Бәйбішеге жарасар

Еміздіктен сабасы.

Келіншекке жарасар

Емшектегі баласы.

Қыз он беске келгенде

Шашынан көп жаласы.

Бұл жалғанда бір жаман –

Ағайынның аласы.

 

Пікірлер