Шомұрадовқа «Штутгарт» 10 миллион еуро ұсынып отыр

3369
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстандық шабуылшы Еуропаны аңсайды.

Агент:  "Штутгарт" 10 миллион еуро ұсынды, ЦСКА да сондай ұсыныс жасады .

«Ростов» шабуылшысы Элдор Шомұрадовтың агенті  Кахор Муминов клиентінің  қыста Еуропаға кету мүмкіндігі туралы айтты.

« Transfermarkt-те Шомұрадовтың "Ростовқа" барған кездегі бағасы 750 мың еуро болды. Бұл өтірік ақпарат болатын.  "Ростов" ол үшін бірнеше есе аз төледі. Қазір ол ең үздік бомбардир, жақында келісімшартты ұзартты, сондықтан бүгінгі таңда рейтинг басқаша болуы керек. Негізі, ойыншының бағасы оған ұсынатын бағаның көлемінде болуы керек.

Штутгарт шамамен 10 миллион еуро ұсынды. ЦСКА да салыстырмалы осындай ұсыныс жасады. Бұл жерде шешім қабылдау құқығы "Ростовта" қалды. Біз бұл сұраққа қыста қайтадан оралуға келістік, бізде өз бағамызды осы мөлшерде қоямыз.

Бірақ мен "Ростовта" қыста трансферге шығу қиын болатынын көріп отырмын,  олардың ұстанымдары айқын. Жақында мен Өзбекстанда болдым, Элдормен және оның отбасымен сөйлестім. Жазда біз клуб жоғары лигалардың бірінен тамаша ұсыныс алса, ауысуды талап етеміз, өйткені біз Шомуродов пен "Ростов" келісім-шартқа қол қойған кезде келіскенбіз », - деді Муминов Sports.ru сайтына берген сұхбатында.

Transfermarkt компаниясы Шомұрадовты 2,5 миллион еуроға бағалайды.
24 жастағы Эльдор 2019/20 РПЛдегі 12 матчта 10 гол соғып, маусымның үздік бомбардирлер тізімінде "Крыля Советовтың" шабуылшысы Александр Соболевпен бөлісіп тұр.

Пікірлер