Ұлттық музыка өнеріне Шәкір әкелген жаңалық

2383
Adyrna.kz Telegram

Шәкір ақсақалдың қатарынан озық әрі қарғадай бойы қазына өнерге бай болуы кездейсоқ емес. Оған, біріншіден, киелі ұлылар мекені, Абайдың ақындық ортасы әсер етсе, екіншіден, көрген тауқыметі, Алаш зиялыларымен араласуы сабақ болғандай. Ақындығы, жазушылығынан бөлек, қазақтың ұлттық музыка өнеріне өзіндік қолтаңбасымен келген Шәкір әндері – өз алдына бір мектеп.

Сегіз сері, Біржан сал, Ақан мұрасынан бас­тау алған қазақ ұлттық классикалық ән мұ­расына тән барлық ерекшеліктерді бойына жиып, қазақтың ән қорын өзіндік бояумен әрлеп, байытып, дамытқан бірден бір композитор – Шәкір Әбенұлы. Хал­қы­мыз­дың ұлттық классикалық әндеріне тән иірім-қайырымдар мен құрылым ерек­ше­лік­тері – Шәкір Әбенов әндерінің алтын дің­гегі. Шәкір әндері тыңдаушының кө­кейіне тез қонады. Оның себебі әуенінің сұ­лулығы мен қарапайымдылығы, ырғақ­тың сан алуандылығы мен иірімдерінде. Шәкір әндерінің басты ерекшелігі – қайыр­ма­ның қарапайым ойнақы ырғаққа негіз­де­луі. Әуенінің бір регистрден екіншіге, екін­шіден үшіншіге ауысып, сатылап түсіп, негізгі дыбысқа келуі. Қалыпты ырғақтың күт­пеген жерден бұзылуы, бір әннің бойында бірнеше ырғақтың болуы. Қайыр­ма­дан соң қысқа қайырманың келуі – мұ­ның бәрі сөзсіз Шәкірдің қолтаңбасы, әнге әкелген жаңалығы. Ақын, композитордың «Геккідік-ай», «Толғаныс», «Айна», «Әнші моласы», «Дәмежан», «Дауаға хат» сынды 10-нан астам әні елге мәлім. Шәкір әндері былтыр жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясынан айрықша орын алды. Қаншама ақынның сарынын білген, әншілік пен күйшілікті бір адамдай игерген қария – Абай тартқан үш шекті домбырамен ән жазу дәстүрін жалғастырушы ізбасары.
Сана ӘБЕНОВА, Шәкір ақынның қызы:

Шәкір аталарың – жан-жақты талант иесі. Бір бойына сазгер, зергер, шебер, әнші, күйші, құрылыс өнерлерін то­ғыс­тыр­ған еңбекқор адам болатын. Бір­не­ше рет айдауға кеткен. 1928 жылғы кәм­пескелеу тұсында Кеңес өкіметіне қар­сы шыққан. 1929 жылы Сәкен Сей­фул­линмен бірге «Алтын алқа» ұйымын құр­ған. Сәкеннің хатшысы болған. 1930 жылы Сәкенмен бірге қуғын-сүр­гін зобалаңына ұшыраған. 1932 жылы ашаршылық кезінде Қырғызстанға қа­шып құтылған. 1936 жылы ол жақтан орал­ған соң, Сәкендермен бірге қай­тадан Алматыда абақтыға қамалды. Жол­дастары құтқармақ ниетте жерасты жолын қазыпты. Содан Қ.Мұхамедханов пен атам қашып шыққан, Бейімбет, Сә­кен­дер ату жазасына кесілген екен. Қа­шып шығып, қайта Қырғызстан асады. Кел­ген соң Жамбыл Жабаевтың хат­шы­сы болып жүріп, қайта түрмеге түскен. ҰОС-ына өз еркімен сұранып, Мәскеу, Ста­линград түбіндегі шайқаста ауыр жа­раланып, елге оралған.

Шәкірдің елге мәшһүр әндерінің бірі – Дауа есімді ерте кеткен қызына арналған. Бұл әнінің атауы туралы ел арасында түрлі пікір бар. Біреулер «Дауа» деп атаса, енді бірі «Дауаға хат», «Сағыныш» деп атайды. Енді мұның қайсысы дұрыс?

Серікболсын БЕКБОСЫНОВ, Шәкірдің шәкірті, әнші:

– Алыста абақтыда жүргенде Дауаға арнап жазған хаты ғой. «Тапсырсам жел­ге аманат сәлем арнап, Жүре жауап бе­реді алдап-арбап» дегеніндей, лаж­сыз­дықтан, бостандықты аңсаудан шық­қан ой-түйіні. Шәкірдің өзінің ай­туынша, бұл әннің аты – «Дауаға хат». «Дауа» деген басқа ән бар. Ол – Абай ауданындағы «Совхоз туы» газетінің бас редакторы болған Манар Құр­ман­бе­ковтың әні.

Амангелді ЖІКЕНОВ, әнші, Шәкір әндерін жеткізуші шәкірті:

– Қызынан айырылғанда қабырғасы сөгіліп, көңілі күйзеліп, Дауаға арнап ән шығарған. «Осы қызым артымнан жо­лымды қуар» деген ниеті болған ғой. Сол қыз өмірден өткенде Шәкір қатты түңілген. Шәкірдің мұражайында кіш­кен­тай аккардеон бар. «Амангелді, осы әнді түрмеде аккардеонмен ай­та­тын­мын», – дейтін. Ән құрылысы гар­мон­мен шыққандығынан хабар береді. Вальс екпініндегі әнді менің толқытып ай­татын себебім сондықтан. Шәкір әндерін бізге жеткізген екі ән­шінің бірі Серікболсын ақынмен 1881 жыл­дан бері таныс. Әндерін қарияның өз ау­зынан үйренбек ниетпен Құндызды ауы­лына арнайы іздеп барған оны Шәкір әуел­де «ертең кел, бүрсікүні кел» деумен қа­был­дамай қояды. Екі-үш күннен соң, «Өзің ән үйренуге шын ықыласты, тұрақты жігіт екенсің», – деп, жаңа оқу бітіріп кел­ген Серікболсынды өле-өлгенше қасынан тас­та­майды.

«Жанында жүріп ән­дерін үй­рен­дім. Ол кісіні «тірі анықтама» дейтінбіз, тарихтан да, әдебиеттен де, фи­ло­со­фиядан да хабардар, кез кел­ген сұраққа жауабы дайын болатын»

дейді ол. Ал Шәкірдің екінші шәкірті Амангелді Жі­кенов Абай елінің дамуына үлес қосқан Хафиз Матаевтың басшылығы тұ­сын­да та­ныс­қан-ды. Бірінші хатшы Хафиз аға бір­не­ше адамның басын қосып, «Шәкірдей адам ғасырына бір рет қана келеді. Ертең өмір­ден өтіп кетеді. Ақындығы мен жазу­шы­лығы қалар. Бірақ әнінің орны бө­лек, соны алып қалуымыз ке­рек» деп Шәкірге жіберген екен. Солардың ішінде Аман­гел­ді Жә­кенов те бар еді. «Шә­кір – мінезі қиын адам» деп елдің бәрі шошытып қойған. Бірақ екеуміз бір шай үстінде әңгімелесіп, түсінісіп кеттік. 1983-84 жылдан бері Шә­кір өмірден өткенше қасында жүрдім», – дей­ді Шәкірдің шәкірті Амангелді.

Мұхтар Әуезов бастатқан Қасым Аман­жолов, Иса Байзақов, Шәкір Әбеновтер агит-­бригадамен атпен жүреді екен. Жазушы Мұхтар олардан кез келген уақытта ән сұ­райтын болса керек. «Мұхаң ән сұраса, іркі­ліп қалуға бола ма, бір ән дайындап қоя­йын» деп ат үстінде Шәкір «Геккідік-ай» әнін шығарыпты.

Сегіз сері, Біржандардан бастау алған ұлттық дәстүр, қала мен дала мәдениетін то­ғыстырып, сара жол салған Абай ай­на­ласы, Кеңес дәуіріндегі музыка, азат­тық ал­ғандағы жаңа көріністер Шәкір шы­ғар­ма­шылығынан орын алғаны айдан анық.


Ерлан РЫСҚАЛИ

Пікірлер