Тоқаев барлығын Назарбаевқа тапсырды

9664
Adyrna.kz Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың рұқсатынсыз шешім қабылдай алмайды. Барлығын экс-президент тағайындайтын болады. Президент Қ.Тоқаев қол қойған №184 жарлық күшіне 9-қазан күні енді. Бұл туралы online.zakon.kz хабарлады.

Жарлыққа сәйкес, күштік құрылым басшылары, әкімдер мен министрлер, басқа да мемлекеттік лауазым иелерін тағайындау тек Назарбаев төрағалық ететін Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Қаулыға сәйкес, енді Бас Прокурор, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, министрлер мен әкімдер, Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрі енді Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаевтың кеңесімен ғана тағайындалатын болады.

Одан бөлек, облыс әкімдері мен ірі қала әкімдері, Президентке қарайтын басқа да мемлекеттік органдардың басшылары да дәл осы жүйемен тағайындалады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер