Мұрат ӘБУҒАЗЫ: Қағыстан қателiк кетсе, күйден мағына кетеді

3310
Adyrna.kz Telegram

- Мұрат, сіз дәулескер күйші ғана емес, бірталай сүбелі ең­бек­ті дүниеге әкелген өнер зерт­теу­шісіз. Сіз әр өңірден жи­нақ­тап, қағазға түсіріп, қайта тас­­паға жазып, ноталық өң­деу­ден өткізген ән-күйлер халықтың жау­һар қазынасына айналғанын бі­реу біліп, біреу білмес. Сон­дық­­тан осы ізденген жұ­мыс­та­ры­­ңыздың бір парасын өз ау­зы­ң­ыз­­дан естісек… 
- Мен негізінен Шығыс Қа­зақстанның тумасымын. Ба­ла жасымнан сол аймақтың күй­лерін тартып өстім. Ауылда жүрген кезімде, шығыс өңірінің елге таныла қоймаған күйлерін жа­рыққа шығарсам, бүкіл ха­лық­қа танытсам деген арманым бо­латын. Кейін П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық кол­­леджінде, одан соң Құр­ман­­ғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясында оқып жүр­­генімде де, осы ойдан бір сәт арылған емеспін. Сондық­тан болса керек, студент ша­ғым­да-ақ ұстазым, профессор Айт­­жан Тоқтағанның жетек­ші­лі­­гімен зерттеу жұмыстарымен ай­­налыса бастадым. Әуелі Шы­ғыс Қазақстан және Алтай-Тар­бағатай күйшілерінің мұра­ла­рын жинақтауға кірістім. «Ал­тай-Тарбағатай күйлері» де­ген тақырыпта диплом қор­ға­дым. Консерватория бітіргеннен кейін де ізденісімді жалғас­ты­рып, шертпе, төкпе күйлердің та­­ри­­хына үңілуiмді тоқтат­па­дым. Сөйтіп,

2005 жылы Айт­жан Тоқ­тағанмен бір­лесіп, Құр­­ман­ға­зының 75 күйін жа­рық­қа шы­ғардық. Күй ата­сы­ның шы­ғар­малары бізге дейін де аз зерт­телмеген. Ака­де­мик Ахмет Жұ­банов бастаған өнер­та­ну­шылардың, күй зерт­теу­ші­ле­рі­нің назарынан тыс қалмаған. Де­генмен біз ол кісінің туын­ды­ларын түп қазығына сүйене оты­рып, қазіргі күнгі талапқа сай ноталық жүйесін бір ізге тү­сі­ріп, қай­та сүзгіден өткіздік. Бұ­рын­ғы кет­кен кемшіліктерді тү­зеп, қо­сым­ша үш СД дискісін ел игі­лі­гі­не ұсындық. Бұдан кейін «Тәт­­тім­бет және Арқа күйлері» жа­ңа нұс­қада өмірге келді. Жи­нақ­қа Тәт­тімбеттің отызға тарта күй­лері енді. Сондай-ақ Тәт­тім­бет­ мұ­рагерлерінің, сол кісінің ізін жал­ғас­тырушылардың, яғни Тәт­­­­тім­бет пен Мағауия Қамзинге дей­ін­гі орталықтағы шертпе күй ше­берлерінің алпыстан астам күйі қамтылды. Жалпы, шертпе күй дәстүрінде жарық көрген кі­тап­тар бұрын да, қазір де аз.

Бұл тұр­ғыда 2006 жылы шығарған жи­нағымыз «Сүгір. Қаратау шерт­­песі» деп аталды. Сүгірдің мұ­­ралары осыған дейін әдеби-көр­кем шығармаларға ғана арқау бо­лып келген. Жазушылар та­ра­пы­нан күйдің шығу тарихы ай­тыл­ғанымен, нотаға түсіру жа­ғы­нан кемшіліктер кездесті. Осы ол­қылықтардың орнын тол­ты­рып, Жаппас Қаламбаев, Генерал Ас­қаров, Төлеген Момбеков, Фай­золла Үрмізов, Жанғали Жүз­баев сынды домбырашылар­дың орындауында Сүгір күйлері но­таға түсіріліп, топтастырылды. Осындай-осындай жұмыстарды ат­қарып, музыкалық мұраларды шы­ғара жүріп, өзім де үлкен тә­жі­рибе жинақтадым десем бо­ла­ды. Соның арқасында бала күнгі шы­ғыс күйлерін насихаттасам де­ген арманым былтыр жүзеге асып, шығыс өңірінің 300 күйі қа­зақ мәдениетінің алтын қо­ры­на қосылды. Жалпы, шығыс күй­лерін алғаш жинақтаған — Уә­ли Бекенов. Зерттеуші Талиға Бек­хожина да осы салаға көп ең­бек сіңірді. Менің алдымда бұған дейін табылған, өзім тапқан күй­лер­ді ноталап, жүйелеп шығару мін­деті тұрды. Осы міндетті ша­мам келгенше атқаруға күш сал­дым. «Шығыстың шыңырау күй­лері» жиырма жылдық еңбектің же­місі. Кітаптың тұсаукесері ая­сын­да домбырашылар байқауын өт­кіздік. Оған Шығыс Қазақстан об­лысының әкімі Бердібек Са­пар­баев пен облыстық Мәдениет бас­қармасы мұрындық болып, қол­дау танытты. Өткен жылы Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасымен Мәдениет ми­нис­трі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қа­дағалауымен шыққан «Қа­зақ­тың дәстүрлі 1000 күйі» ан­то­ло­гия­сына шығыс аймағының 130-дан астам күй кіргенін үлкен же­тістік деуге болады деп ой­лай­мын.

- Зерттеген күйлерді ғана айтып, әндерге тоқталмай кеттіңіз ғой…

- 12 жылдай болды, Ұлттық кон­серваторияның «Халық әні» ка­федрасында домбырадан дәріс бе­ремін.

- Аға оқытушысыз…

- Иә. Күй өнерін кәсіби түр­де жүйелеп зерттеп, оқыту 1936 жыл­дардан бастау алады. Ал ән өне­рін кәсіби түрде қолға алған кон­серваториядан бұрын Ж.Еле­беков атындағы эстрада-цирк колледжі. Бұл шаңырақта Жү­се­кеңдер, Ғарекеңдер дәріс беріп, әншілік мектептің ірге­та­сын қа­лап, негізін салып кетті. Ке­йін­нен Жәнібек Кәрменов, Қай­рат Бай­босынов, Алмас Ал­ма­­товтар бас­тама болып, кон­­­­­сер­­ватория қа­бырғасынан «Халық әні» ка­фед­расы ашылды. 2009 жылы ка­фед­рамыз 20 жыл­дық ме­рей­тойын атап өтті. Осы той­ға сый ре­тінде Қайрат Бай­бо­сы­нов, Қош­қарбек Тасбергенов аға­ларымызбен бірігіп, «Са­ры­ар­қа әндері» деген 250 ән­нен тұ­ра­тын жинақ құрастырдық. Бел­гілі ме­це­нат Амангелді Ер­ме­гия­евтың де­меуімен халық ән­де­рі мен халық ком­по­зи­тор­ла­ры­ның ән­де­рін жүйелеп, нотаға тү­сіру ісіне өз үлесімді қостым. Оның бер жағында әнші-жыршы Ақан Әб­дуәлі Жетісудың ән-жыр мұ­ра­­сын нотаға түсіру ту­ра­лы ұсы­ныс білдірді. Жамбыл, Сүйін­бай, Қабан жырау, Пішән, Шал­табай, Қыр­бай, Үмбетәлі, Сә­діқожа, Бар­мақ, Әсімханның мұ­раларын топ­тап, 2008 жылы «Жетісу ақын­дарының жыр-са­рын­дары» де­ген кітап шы­ғар­дық. Төрткен Кененқызының ай­туы­мен «Алатау алабында» атты Ке­нен әндерінің, тағы басқа да өнер иелерінің жинақтары жа­рық көріп, бүгінгі таңда оқу жүйе­сінде пайдаланылып жүр.

- Орындаушылық және зерттеушілік еңбегіңіз бірін-бірі то­лықтыра ма, жоқ кейде кедергісін тигізе ме?

- Сұрағыңыздың жаны бар. Меніңше, тыңғылықты іздену­ші­лік орындаушыға үлкен кө­ме­г­ін тигізеді. Мәселен, мен Құр­ман­ғазыны зерттеу арқылы 75 күйін миыма сіңіріп, санамнан зерделеп өт­кіз­дім. «Колледжде бес жыл, кон­сер­­ваторияда төрт жыл оқып жү­ріп, Құрманғазы мектебін толық та­ныдым» деп айта алмаймын. Ал өзім зерттеп, танысқаннан кейін Құрманғазы шы­ғарма­шы­лы­ғын толық түс­ін­бе­сем де, бір та­бан жақындадым. Бұ­рынғыдан бас­қаша тартатын болдым. Сол зерт­­теушілігімнің арқасында Құр­­манғазының 75 күйін, Сү­гір­дің 35 күйін, Тәттімбеттің 40 күйін репертуарыма қостым. Ре­пер­­туарың кеңейген сайын орын­даушылық деңгейің де байып, өсе түсетіні сөзсіз. Сон­дық­тан орындаушылық пен зерт­­теушілікті жүйрік аттың тіз­гі­ні сияқты қатар ұстасам дей­мін.

- Дегенмен шығыс күйлеріне бүйрегіңіз бұрып тұратын шығар…

- Жалпы, бүгінде «қазақтың әр аймағында қалыптасқан сегіз түр­лі күйшілік-орындаушылық мек­тебі бар» деп айтып жүрміз ғой, осы аталған күйшілік мек­теп­тердің барлығын меңгеруге тал­пынып жүрмін. Осы дәстүрлі мек­­тептердің бір жерден бір күйін естіп, я болмаса тың күй кез­­десіп қалса, жаттап алуға, жа­рық­қа шығаруға ұмтыламын. Жаңа күйді халыққа жеткізгенше асы­ғамын. Қолыма қара домбыра ұс­тап жүргеннен кейін бір өңір­дің ғана емес, қазақтың төрт бұ­ры­шындағы күйлердің бар­лы­ғы мен үшін асыл жауһарлар. Оны әрі қарай болашаққа на­си­хат­тау-­ менің азаматтық, күй­ші­лік па­ры­зым, кәсіби міндетім деп бі­ле­мін. Консерваторияда оқыт­­қан­­да да шығыс-батыс деп бөл­­­мейді. Жеке-жеке мектеп бо­лып, әр­кім өз алдына отау тігіп отыр­ған жоқ. Әр күйші кәсіби маман ре­тінде барлық өңірдің күйін үйреніп, біліп шығуы ке­рек. Туған топырағына тартып жа­та­тын­дар жоқ емес, әрине. Бірақ күй өнері қазақтың қа­нын­­да бол­ғаннан кейін, Құр­ма­н­ға­­зы­ның мұрасы еш қазаққа жат емес.

- Студент кезіңізден зерт­теу­мен айналысып, уа­қы­ты­ңыз­­дың басым бөлігі қағазға шұқ­шиып оты­рып өтіп жатқан сияқты. Сал-се­рілік құрып, еркін жүр­ме­ген­дей кө­рінесіз…

- ХІХ ғасырдағыдай қа­зақ­тың кең-байтақ даласында ауыл-ауыл­ды атпен аралап, сайран са­­лып жүрген жоқпыз. Бірақ қа­ла­лық болғаннан кейін де сал­-се­ріліктен құр қалып кеттім деп айта алмаймын. Респуб­ли­ка­лық, халықаралық деңгейдегі бір­­неше байқауларға қатыстым. «Қа­зақстан», «Хабар» арнасынан іл­геріде берілген бағдарламаларға тү­гел атсалыстым. Орындау­шы­лық өнерден тыс қалып, күйді тас­тап кеткенім шамалы. Дом­бы­раға қол созбаған бір күнім бол­ған емес. Мемлекеттік дең­гей­дегі, басқа да түрлі мәдени ша­­ралардан тыс қалып көргенім жоқ. Шақырылған жерден қа­л­май­мын. Рас, зерттеу жұмыс­та­ры­на көп уақытым кетті. Ал­да­ғы уа­қытта орындаушылық қы­­­рым­ды дамыта түспекпін.

- ДЭККО жанры қызық­тыр­май ма?

- Консерватория бітірген жылы «Азия дауысы» халық­ара­лық ән фестивалі дерек­ция­сы­ның директоры Мұрат Ерғ­а­л­и­ев мені тыңдап көріп, «Бір жыл ішінде Қазақстанға, үш-төрт жылда дүниежүзіне та­ны­та­мыз» деп ДЭККО жанрда жұ­мыс істеуге ұсыныс жасаған. Ақы­ры әрі ойланып, бері ой­ла­нып, бас тарттым. Келіссем, күй­шіліктен де, зерттеушіліктен де айырылып қалатын едім. Он­ың үстіне, ол кезде әлі то­лық­­­қанды күйші емеспін. Қо­лыма жаңадан диплом алып, оқу жүйесінен енді ғана шыққан адам­мын. Ал күйшілік жылдап ке­летін тәжірибе. Өзімді бір шең­­бердің ішінде ұстағанды дұ­­рыс көрмедім. Қазір дәстүрлі б­а­ғытта қалғаныма еш өкін­бей­мін.

- Күйді солақай тартасыз. Оң қолыңыз мүлде икемге келмей ме?

- Мен негізі табиғатымда оң­қай адаммын. Қалам ұста­ған­да оң қолыммен жазамын. Бірақ кей жағдайда оң қолым­нан бұрын сол қолым жылдам іске қосылып кетеді. Радио-жур­­налист Жаулыбай Иман-әли­ев ағамыз «Көкем-ау, сен дом­­­быраны сол қолыңмен тарт­қ­а­­ныңмен, оңқайсың ғой. Бая­ғы­да сұхбат алғанымда Нұрғиса ағаң­­ның да оңқай екенін бай­қап едім» деп таңғалған.

Бала кезде әкем домбыра үй­реткенде де, әуелі оң ұстатқан кө­рінеді. Сонда ағам Қайрат пен інім Маратқа қарағанда есту қа­бі­летім анағұрлым мық­ты болса да, ештеңе игеріп кете ал­мап­пын. Содан әкем «неге бұ­лай?» деп ой­лана келе, дом­бы­ра­ны солақай бе­ріп, бір-екі қағ­ыс жа­сатқанда бір­ден тартып ке­тіп­пін. Қазір оң қо­­лым­ман ақы­рын­дап ойнай аламын. Бірақ кә­сіби түрде бе­йі­мім бәрібір сол жа­ғымда. Қа­зан­ғап күйді оңқай да, солақай да тарт­қан екен. Он­дай күйшілер та­рихта аз кез­де­се­ді. Ал солақай күй­шілер бәрімізге бел­гілі-Сүгір, Ұлық­­пан Мұ­хи­тов, Нұр­ғиса Ті­лен­диев, сондай-ақ ме­нің өк­шем­­ді басып келе жат­қан Мұ­ра­гер Сауранбаев бар.

- Башпаймен тартқан да күйшілер бар дейді…

- Бұл астарлы дүние.

Қыз бен жігіттің күй айтысында «жі­гіт башпайымен тартып, қызды жеңіпті» деп айтылады. Бұл қа­зақ­тың салт-санасына, әдет-ғұр­пы­на байланысты ер адамның ал­дында қыз баланың жол бер­ген­дігін меңзеу үшін айтылған си­яқ­ты.

Мен бұл жөнінде біраз ой­ланып, сұрастырып көрдім. Дом­­быраны башпаймен тарту, қи­­сынға келе қоймайды.

- Жалпы, күйді нотамен тартқан дұрыс па, жоқ есту қабілетіне сүйенген жөн бе?

- Күйді нотаға түсіру — хатқа тү­сіру. «Қаламсаппен жазылған дүниені балтамен шауып кетіре ал­майсың» деген нақыл сөз бар ғой. Бірақ нота, былайша айт­қан­да, күйдің қаңқасын ғана бе­ре­ді. Ал арғы жағындағы жанры, не­гізгі айтар ойын құлақпен тың­­дасаң, қателеспейтінің анық. Тың­дап отырып, қағысынан жа­ңы­луың да мүмкін. Қағыстан қа­те­лік кетсе, күйден мағына ке­те­ді. Күйдің әуен мен әуезі бұ­­зыл­мау үшін екеуін қа­бат­тас­ты­­ра жүргізген дұрыс. Кәсіби музыкалық мектеп­тер­­де домбыраны бірінші сабақ­тан бастап оқыса да, кейде бала­лар­­дан өскенде күйші шықпай жа­­тады. Оның себебі олардың но­таға сүйеніп кеткендігінде. Ал қа­­зақтың күйшілік қабілеті — құлақпен қабылдап, сана арқылы зердеге түйіп, ары қарай дамыта алуында. Атадан балаға жалғасып келе жатқан осы дәстүрді үзіп алмауымыз керек.

- Жасап жүрген еңбектеріңізге қарап, сізді бұрын үлкен кісі деп ойлаушы едім. Қаншадасыз?

- Отыз алтыдамын. Әрине, атың­ның шығу-шықпауы еңбек­ке байланысты ғой. Адам алпыс жас­қа келсе де ештеңе істемеуі мүм­кін. Отыз алты жас та аз емес қой. Ізденген адамға біраз жұ­мыс­­ты бітіретін уақыт. Шоқан Уә­лиханов отызға келмей қан­ша­ма еңбек қалдырып кетті. Оның қасында біздікі теңізге там­ған тамшыдай дүние. Ша­ма­мыз келгенше атқарып келеміз. Болашақта да жоспарларым көп. «Қазақтың домбыра өнері» де­ген үлкен жинақ құрастыру ойым­да жүр. Өйткені бізде қа­зақ­тың күй өнерін танытатын үл­кен энциклопедиялық жинақ жоқ. Құрманғазының, Тәттім­бет­тің мұралары бөлек-бөлек шы­ғарылған. Күйлерді мектеп-мек­теп, сала-саласына, орын­дау­шыларына қарай жіктеп бө­ліп, күйдің қалай шыққанын, орын­даушылары кімдер бол­ға­нын, оларды суреттерімен бере оты­рып, шегелеп таныстаратын бір еңбек керек. Осыны қолға ал­сам деймін.

- Ініңіз Талғат Әбуғазы — дәстүрлі әнші. Сіздерге өнер кімнен дарыған?

- Әкеміз Қазен Әбуғазы — шы­ғыс өңіріне белгілі күйші. Өз жанынан бірталай күй шы­ғар­ған. Отбасымызда жеті ұл, бір қыз. Жалғыз қарындасым бар. Мен үйдің ортаншысымын, Тал­ғат кенжесі. Әкем күй тар­ту­мен қатар, кезінде «Аңшының әнін», Балуан Шолақтың «Ға­ли­я­­сын» шырқатып салған екен. Алматыға да шақырып, ауыл­дан осында алдырмақ бо­лы­п­ты. Бірақ тұрмыс жағ­дайы­на байланысты туған жер­ден ұзай алмаған. Кейін дау­сына зақым келіп, күйшілік қы­рын көбірек дамытқан. Әке­міз­дің күйшілігі маған қонып, ән­шілігі Талғатқа дарыған бо­луы керек. Қалған бауырларым да өнерден құр алақан емес. Кә­сіби түрде шұғылданбаса да бәрі домбыра тартады.

- Өз әкеңіздің күйлерін қаншалықты насихаттап жүр­сіз?

- «Шығыстың шыңырау күй­лері» жинағына он күйін қос­тым. Қырыққа жуық күйі бар. Болашақта жеке кітап, жи­нақ етіп шығара жатармыз.

- Домбыраңыз әдемі екен. Жасаған шеберді білсек бола ма?

- Домбырашыны табиғи та­лан­тымен бірге мықты аспап та­нытады. Бес-алты жылдай бо­лып қалды, Айтмұхамбет Те­же­кенов деген шебермен жұмыс жа­сау үстіндемін. Шебер мен дом­бырашы тығыз байланыста бол­ған жағдайда ғана мықты ас­пап жасалады. Страдиваридің скрип­касын сызылған үні үшін дү­ниежүзі миллион долларға ба­ғалайды. Домбыраның дауы­сы одан бір мысқал кем түс­пейді. Тек қоңыр үнді аспапты жа­сап, биік деңгейге көтеру қа­жет. Қазір қолымда Айтмұхамбет аға­ның екі домбырасы бар. Дом­быра қолға алғаннан кейін бір­ден сөйлеп, шешіліп кетеді деп айта алмаймын. Кемі бір-екі жылдан соң ашылып, жақсы ды­быс бере бастайды. Бола­шақ­та бұдан да мықты дом­бы­рам болатынына сенімдімін.


Әңгімелескен
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ, «Айқын».

Пікірлер