Мұхит әні самғады

1955
Adyrna.kz Telegram

Алматының «Қазақконцерт» залында халқы­мыздың қайталанбас атақты композитор әншісі Мұхит Мералы­ұлының 170 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Адыр­на» ұлт­тық-этнографиялық бір­лес­тігінің бірлесіп ұйымдас­тыруымен «Ән Мұхиты» атты кеш өтті. Қазақ музыка өнерінің мақтанышы Мұхиттың әндерін сағынып, сусап қалған әнсүйер қауым көп жиналды. Салтанатты кешті атақ­ты әнші Ғарифолла Құрманға­лиев­тің шәкірті, одан тәлім-тәрбие алған, республикаға еңбегі сіңген әртіс Сәуле Жанпейісова жүргі­зіп отырды. Сәуле Мұхиттың Қара­төбе топырағында өмірге келгенін, оның шығарма­шылық мұра­сы­ның музыкалық ал­тын қоры­мызға енгенін, ол асыл мұраны әлі де болса терең зерттеу қажет екенін тілге тиек етіп, толғамды пікірлерін білдірді.

Кешке қатысып өнер көрсет­кен  Рамазан Стам­ғазиев, Айгүл Қо­санова, Жоламан Құжиманов, Ырысты Сү­лей­менова, Еркін Шү­кі­манов, Айгүл Мақашева, Әзім­хан Байма­ғанбетов, Нұрым Ас­қанов, Жанғоза Аяпов, Жұлдыз Сүн­детқалиева, Венера Қаржау­баева, Бибігүл Сауыт­ова, Самал Өмірзақова, Мар­хабат Мықты­беков, Еркін Нұрқанов Мұхиттың әндерін нәші­не келтіре орындап, әнсүйер қауымды қуа­нышқа кенелтті. Сәуле Жанпейісова Мұхиттың бұрын ай­тыл­маған, ха­лық­қа жетпеген бірнеше әндерін шырқап, көрермен­дердің қошеметі­не бө­лен­ді.

Ұлттық ән-күй – қазақ­тың жаны мен рухы. Рухынан айы­рыл­ған халық құл­дық­тың қамытын киеді. Ел бола­ша­ғына бейжай қарай ал­майтын өнер жана­шыр­лары көбейе берсін дегіміз келеді.


Ғалым ҚҰРАШ, журналист.

Пікірлер