Атақты өзбек боксшысы кәсіпқойға ауысты

4240
Adyrna.kz Telegram

Сурет Interactive.uz
Өзбекстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Хасанбой Дусматов алғашқы кәсіби жекпе-жегін 10 қарашада өткізеді. Бұл туралы Kun.uz хабарлайды.

Жекпе-жек осы жылдың 10 қарашасында Қытайдың Фучжоу қаласында өтеді. Өзбек боксшысының қарсыласы қытайлық Дэ Бин Чжоу болады (3 жеңіс, 1 теңбе-теңдік, 1 жеңіліс, 2 нокаутпен жеңіс).

Хасанбой Дусматов 49 келіге дейінгі салмақта әуесқойлар арасында танымал. Боксшы - 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия чемпионы (2015 және 2017), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017). Ол «Өзбек жолбарыстары»  құрамында бақ сынаған.

Қазіргі уақытта кәсіпқой бокста бірнеше өзбекстандық чемпиондар жүр, олардың ішінде Азия чемпионы Исроил Мадримов пен әлем чемпионы Шахрам Гиясов бар.

Пікірлер