Шекарашылар автокөлігіне жасанды мемлекеттік нөмір жабыстырып алған салафит жігітті құрықтады.

3039
Adyrna.kz Telegram

2019 жылдың 28 қазан күні таңғы сағат 05.30 минут шамасында, Ресей Федерациясының Новосибирск қаласы-ҚР Өскемен қаласы бағытында «TOYOTA MARK II» маркалы көлігін тізгендеген жүргізуші «УБЕ АВТО» Шекара БӨП-не келген. Шекара қызметкерлері жүргізушіден псевдосалафилік діни ағым өкілдерінің белгілерін байқаған. (ұқыпсыз өсірілген сақал, қысқа балақты шалбар және діни термин фразаларын қолдану) Жүргізушінің жеке меншік көлігінің құжаттарын тексеру кезінде көлік құжатының сәйкес келмеу фактілері анықталды. Жүргізуші Новосибир-Өскемен қалалары аралығында адам тасымалдаумен айналысып жүрген ұлты орыс, салафизм ағымын ұстанушы К.Д - есімді ҚР-ның азаматы екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта «жалған нөмір жасағыш» салафизм ағымының жақтасына Шемонайха аудандық полиция бөлімімен тергеу іс-шаралары жүргізіліп, ҚР ҚК-нің 386 бабының 1-тармағына сәйкес жалған мемлекеттік нөмір жасағаны үшін қылмыстық іс қарастырылуда.

Пікірлер