Бекболат Тілеуханның екпеге қарсы болуы, оның теріс ағымда екенін айқындайды!

13650
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық бәрімізге керек, бірақ екпеге қарсы шығу дұрыс емес!
Малға да екпе салынады керек десең!
Балалардың денсаулығын ойлаған адам, екпені салдыруға емес, оның сапалы болуын көтерер еді. Дамыған Оңтүстік Корея, Жапония тіпті Израль елінің өзінде екпе салдыруды міндеттейді. Сонда біз дамыған елдерден асып кеттік пе!?
Ұрпақ екпеден ауру болып жатқан жоқ! Ұрпақ сауатсыз кейбір депутаттардың, шенеуніктердің салғырт қараған жүйесінен ауру болып отыр!
Ертең екпе салмаған соң, неше түрлі ауру көбейеді, жұқпалы аурулар өседі, ұрпақ өледі! Африкалықтардан еш айырмашылығымыз жоқ болады. Сонда Бекболат ағамыз айтты екен деп бүкіл бала екпесіз қалу керек пе?
Мен екпенің сапалы болғанын қалаймын, мынау түрған көрші ел Өзбекстан Испания,Польша елдерінен алады дәрі дәрмектерін. Демографиялық өсім жақсы. Ал бізде ше?Медецина ақсап тұр, қалайша ақсамайды ғылым ізденіп, врач болу керек жастар Бекболат, Дарын сияқты ағалардың уағызын тыңдап Сириядан бірақ шығып жатқанда?!
Бәріміз дені сау ұрпақ өсіргіміз келеді! Бүгін екпе салдыруға қарсы шықса, ертең еркек врач әйелге ота жасамасын деп қарсы шыға бастайды! Осылай жүріп теріс ағымда жүрген ағалардың дегені болып, мемлекет теріс ағымдардың жетегінде кеткенін білмей қалады!
Мемлекеттің халқын надан қылып, ғылымын жойып, қараңғылықта ұстап, айқайлап ұрпағын жою бұл сәләфиттерге ғана тиімді!

Айгүл Орынбек

Пікірлер