Қасиетті жеті және он үш қоңыр үндестігі

2376
Adyrna.kz Telegram

Жұмагелді Нәжімеденов — тумысынан музыкант, шебер домбырашы, талантты дирижер, белгілі өнер қайраткері. Ол тек қана музыка орындаушысы ғана емес, осы саланы терең зерттеумен жүйелі айналысып жүрген ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент. Жуырда «Алтын Орданың» қонақжай шаңырағына арнайы келген Жұмекең ұлттық өнер мұраларымыз жайында толғана сыр толғап, өзінің зерттеп жүрген саласынан танымдық мәні зор бірқатар мақалаларын ұсынған еді. Біз бүгін соның бірін оқырман пайымына салғанды жөн көрдік.

Адамзаттың рухани мәдениеті іс-әрекетінің барлық салаларын материалдық, әрі рухани тұрғыда қамтитын тұтас жүйе ретінде
қарастырады. Осы тұрғыда әр халықтың өзіне тән ұлттық рухани болмысы, дүниетанымы, музыкасы, жалпы дыбыс жайында таным-түсініктері сан ғасырлар бойы өзара тарихи-мәдени байланыста қалыптасып келген. Солардың әрқайсысы келешек ұрпақтарына баға жетпес құнды рухани мұраларын қалдырып отырған. Дәлірек айтсақ, олардың бізге дейін жеткен өнері, музыкасы, музыкалық аспаптары және өнер туындылары десек болады. Біз сол мұраларды зерттеп, дамыта отыра ұлтымыздың төл ерекшелігін сақтаймыз. Бүгінгі әңгімеміздің алтын арқауы да — осы хақында.
Ата-бабамыз қоршаған ортаны, табиғат жаратылысын, пендеге қатысты құбылыстарды жік-жікке бөліп, әрқайсысына ат беріп, ен таққан. Осы дауыс жиілігі мен дыбыс күшін бөлек-бөлек қосқанда 88-440 Гц пен 25-75 Дц қоңыр халал аралығын береді.
Еуропа халқы музыканың октавалық дыбыстардың арасын хроматикалық жарты тоннан он екі дыбысқа бөлген. Яғни, бір циклдың біткенін он екімен қайталап (16 – 8000 Гц, 25-150 Дц дыбыс жиілігі мен дыбыс күші) көрсетіп отырған. Мысалы, Григорян күнтізбесінде он екі ай, он екі жыл және он екі музыкалық дыбыс т.б. Ол, мүмкін, әйгілі А.Чеховтың «әлемді әдемілік құтқарады» дегеніндей, Шекспир мен Гете де осыған жақын айтқан. Еуропаның музыкалық аспаптары тегі органнан басталған десекте, оны «шіркеулік музыкалық драма» деген болар едік. Орган шіркеулік музыка тембр жердің темпа ритмі, гармоникалық темпқа кірген. Қоңыр халал дыбыс көзбен көргенде, естігенде 10-5-10-6 арасындағы нанометрлік 25-75 Дц арасындағы жиілігі 88-440 Гц күш неолит домбырасынан қалған осы уақытқа дейін егемендік сарыны тәуелсіздік нысаны — ол гимн. Сарын — жырлар, айтыстар т.б. Шығыс музыкасында Иран және парсы елдері, өзбектердің, ұйғырлардың, түрікмендердің, әзірбайжандардың т.б. он екі мақамында діни танымы бар. Мақамдар — бас пен баритон ортасында жүретін дүниелер. Түрікмен, ұйғыр, өзбек, арабтардың музыкалық аспаптары темір ішек таққан шіңкіл (қоңырсыз) дыбыстарды көп береді. Домбыра — ешқандай діни танымдардан таза және ыстықта емес, суықта емес, қоңыр ортаны беретін табиғи үннен басталады және біздің қоңыр музыка темпаритм хранотоп. Бұл бүкіл адамзатқа ортақ Жаратушының жаратқан сан жігер үні, ол домбыраның жеті, тоғыз, он үш пернесінен басталады. Бізге жеткен қазақтың ұлттық аспаптарының жалпы саны — қырық екі. Соның ішінде Жетігенге аздап тоқталып кетуге болады.
Жетіген — қазақтың ең көне ішекті аспаптарының бірі. Бұл аспаптың қалай пайда болғандығы жөнінде нақты ғылыми тұжырым жасалмаса да, біз Оңтүстік Сібір, Орта және Шығыс Азия және басқа да халықтардың жетіген тектес аспаптарымен салыстыру арқылы өзімізге қажет мәлімет жинай аламыз. Қазіргі кезге дейін көне аспаптардың кейбір түрлерінің ойналу мүмкіншіліктерін дамыта алмай шеттеп қалу себебі — аспаптың ойналу әдістері мен құрылымын және репертуарларын жоғалтып, халық арасынан шығып, ерте ұмытылып қалуында. Қазіргі кезде жетігенге ұқсас көп ішекті цитра тектес аспаптардың дамыған, күрделі классикалық шығармаларды да еркін орындай алатын түрлері Азия елдерінің ішінде Қытайда — цинь, Жапонияда — кото, Кореяда — каягым, Вьетнамда — данчань қолданылады. Бұл аспаптардың ойнау әдістері мен құрылымының түркі-моңғол халықтарының аспаптарымен ұқсастығы анық байқалады. Десек те, әр халықтың музыка аспабын ойнауда әуен иірімдерін, шығарма немесе күй формаларын, ырғақтық ерекшеліктерін байқауға болады. Ол үшін ең бастысы сол халықтың өмір сүрген табиғи ортасын, тұрмыс-тіршілігін, тілін, дүниетанымын терең түсіну қажет. Онсыз ешбір халықтың музыкасының табиғатын, аспап дыбысының қаншалықты тыңдаушыға жететіндігін және оны орындау ерекшеліктерін түсіну, әрі сезіну мүмкін емес. Қазақ халқы ежелден-ақ көшпенді өмір салтымен өмір сүріп, бүкіл ғұмырын, танымын, музыкасын, соның адамзат баласына берген сыйы деп түсінген. Демек, табиғат дыбыстарына еліктеу арқылы Тәңірге бір елі жақын боламыз деген түсінік болды. Яғни, ежелгі кезден бастап музыка адамды ішінде музыкалық аспаптарын табиғатпен ұштастырып отырған. Түркі тілдес халықтардың танымында табиғат — Тәңірдің физикалық әлемі мен дүниені тануда рухани деңгеймен байланыстыратын құрал ретінде қызмет атқарды.1 Қазіргі кезде орындаушылар екі түрлі Жетіген аспабын қолдана бастады. Фольклорлық ансамбльдерде сүйемелдеуші аспап ретінде хроматикалық, диатоникалық бұраудағы жетігенмен орындап, оның ән-күйді жеке орындауда шамасы шектеліп қалатындықтан, хакастың құлақ бұрауымен келтірілген аспапты қолданады. Ал, бұл аспаптың керісінше ансамбльдік шығармаларды сүйемелдеуде ішек саны мен октавалық диапазоны аздық етіп, тек қана көрініс үшін қолданғандай әсер қалдырды. Қазақ шығармаларына екі аспаптың да құлақ бұрауы қажет екендігі практика жүзінде көрінгендіктен, бір ортақ бұрау енгізіп, екі түрлі үлгіде емес Б.Сарыбаевтың жолға қойған үлгісінен ауытқымай, оны толықтырып, жетілдіре отырып, бір ғана үлгісімен қолдану керек деген мақсатпен ізденістер жүргізіліп, аспаптың алғашқы нұсқасы музыка аспаптарының шебері Н.Абдрахмановпен бірлесіп жасалып шықты.
Өткен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап қазақ музыка мәдениеті де осы он екі дыбыстық тең темперациялық еуропа бұрауына көшкен. Қазақ халқының ел арасында ең көп тараған ұлттық аспабымыз домбыра немесе жетіген де осы он екі дыбыстық тең темперациялық еуропа бұрауында ойналуда. Сөйтіп, ұлттық аспаптарымыздың ұлттық қоңыр үнінен осылай айырыл-ған болатынбыз.
Қазіргі еуропалық және Қазақстандағы педагогика-психология пән тілімен айтқанда жетіге бөліп қарастыруға болады:
1. Түсіну мен ұғыну сатылары;
2. Қабылдау — есту, көру, сезу, сезіну;
3. Жаңғырту — қолмен, бүкіл денемен, тұла-бойы, терімен сезіну;
4. Бұлшық етпен — терімен сезіну, тұла-бойымен сезіну;
5. Заңдылықты қолдану;
6. Заңды пайдалану;
7. Үйрену деп бөліп қарастырылуда.
Ал, қазақ халқы бір циклдың біткені деп он үш қоңыр халал үнді (88-440 Гц пен 25-75 Дц дыбыс жиілігі мен дыбыс күшін) көрсетіп мүшелге бөлген. Бұл — он үш Галактика саны. Бұндай қоңыр халал дыбыс күші адамзат ағзасына қонымды және жайлы болған. Кезінде Пифагор, әл-Фарабилер музыкалық тондардың арасын он үшке бөліп қараған. Қазір еуропалық музыка мәдениеті бір октаваның ішін он екі дыбысқа бөлу арқылы «таза емес» дыбыстарды естітіп қабылдатуда. Осыдан адамзаттың ақыл-санасы, ой-өрісі өзгеріп, әлемдік рухани дағдарысқа ұшырады деуге болады. Көк пен Жердің арасындағы Аллаһ жаратқан тура жолдан басқа бізге берген ілім, білім, ғылым арқылы ауытқулық осылай басталған сияқты.
Ерте замандағы ата-бабамыздың әдеп-ғұрпынан басталатын 13 мүшел бір цикл деп қарастырылған. Енді осыған тоқталып өтелік.
Енді кеңірек жеті бояуды түсіндіріп өтсек, кемпірқосақта негізгі жеті түрлі түс бар: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Жаратылыстағы әрбір нәрсе бізге өзінің түсімен таныс болады. Сөйтіп, табиғат танудың кілті сәуленің түсінде. Жауын басылып, бұлт сейілген кезде аспанда түрлі түске боялып кемпірқосақ көрінеді. Кемпірқосақтың формасы шеңбердің доғасы тәрізді болады. Кемпірқосақ шеңбері кейде бірінің сыртынан бірі келген, екі үш қабат болады, бірақ, оның ең айқын негізгісі ішкі бірінші қабат, ал, сыртқылары көмескілеу келеді. Бірінші негізгі шеңбердің ең ішкі жағында күлгін түс, ең сыртында қызыл түс болады. Екінші қосымша шеңберде бұл түстер керісінше ауысып келеді, ал, үшінші шеңберде қайтадан біріншідегідей болып келеді. Оның себебі — күн сәулесі: жауған су тамшысына кездескенде айтылған түстерге бөлшектеніп жіктеледі. Кемпірқосақ түсі күн түскен фонтандарда, сарқырама суларда көрінеді.
Су тамшысы мен шынының мөлдірлік қасиеті бірдей тақау болады, сондықтан, мөлдір қырлы шынының бір бетіне түскен ақ жарық, екінші бетінен сынып шыққанда кемпірқосақ түсіне жіктеліп шығады, басқаша айтқанда, спектр пайда болады. Егер сәулелерді қос дөңес шыныдан өткізіп қайтадан жинасақ, күн сәулесіндей ақ жарық шығады, демек, күн сәулесі түрлі түстердің қосындысы болады.
Біз жоғарыда табиғат танудың кілті сәуленің түсінде дедік. Бұл сөздің шындық негізі физикалық бір ұлы заңға сүйенеді. Ол заң мынау: әрбір заттың өзіне сай энергиясы бар, әрбір энергия сәулесінің өзіне арнаулы тарау толқыны бар, сәуленің түсі сол толқын ұзындығына байланысты, демек, әр заттың өзіне сай сәулесі бар, сол сәулені айыра білу— затты тани білу болады.
Мұны түсіну үшін оңай қарапайым мысалдар аламыз. Бір кесек тасты алып суға лақтырсақ, оның түскен жерінен жан-жағына толқындар тарайды. Тастың ірілігіне, судың көлеміне, лақтырудың екпініне қарай судағы толқын ірі, майда, жиі не сирек болады, толқын алысқа ұзап кетеді не көп ұзамай жоғалады. Ауада дыбыс та, жарық сәулесі де осы сияқты толқын түрінде тарайды.
Ғылымның ең зор табыстарының бірі — осы толқындарды өлшей білу. Жарық сәулелері толқындарының ұзындығы өте қысқа болады. Сондықтан, ол су толқыны сияқтанып көзге көрінбейді, бірақ, сол толқындардың ұзындығына қарай сәуленің түсі әртүрлі болып көрінеді.
Осындай өте кішкене заттарды өлшеуге арналған өлшеуіштер болады. Миллиметрдің мыңнан бір бөлшегін (1/1000 мм) «микрон» деп атайды, микронның мыңнан бір бөлшегін, яғни, миллиметрдің миллионнан бір бөлшегін (1/1000000 мм) миллимикрон дейді, миллимикронның оннан бір бөлшегін (1/10000000 мм) ангстрем деп атайды, яғни, ангстрем миллиметрдің он миллионнан бір бөлігі сантиметрдің жүз миллионнан бір бөлігі.
Осы өлшеулермен есептегенде кемпірқосақтың ең ұзын толқынды қызыл сәулесінің толқынының ұзындығы 760 миллимикрон, оның ең қысқа күлгін сәулесінің толқынының ұзындығы 400 миллимикрон шамасында. Спектрдің бұл көзге көрінетін түстері, ал, мұның екі жағында көзге көрінбейтіндер бар. Қызыл сәуленің сырт жағында толқыны онан да ұзын инфрақызыл сәуле бар, ал оның сыртында радиотехникада қолданылатын, метрмен өлшенетін электромагниттік толқындары бар. Күлгін сәуле бар. Фотография пластинкаларына күшті әсер ететін осы сәуле, оның ар жағында аса қысқа толқынды рентген сәулесі бар; мұның толқын ұзындығы бір миллимикрон шамасында, кейде ол да қысқа болады.
Сәуленің жан-жағына таралу жылдамдығы толқынның ұзындығына және сәуле тарайтын тығыздығына байланысты. Мысалы, күннің сәулесі бостықта бір секундта 300 000 километрге тарайды, сол сәуле тығыз затқа кездескенде ол жылдамдығын кемітеді. Күн жарығы толқын ұзындығы әртүрлі, түрлі түсті сәулелердің қосындысы екенін жоғарыда көрдік. Тығыз затпен кездескенде ақ жарық құрамындағы түрлі түсті сәулелер, өздерінің толқын ұзындығына қарай, бөгет заттан әртүрлі жылдамдықпен өтеді, сондықтан, олар бірінен-бірі айырылып жіктеліп кетеді. Сәуленің сынуы дегеніміз, оның бір ортадан екінші ортаға өткендегі бағытын өзгертуі болады. Әр түсті сәуленің сынғыштығы әртүрлі болады. Күн сәулесінің судың тамшысынан немесе қырлы шыныдан өткенде бағытын өзгертуі, түстің сәулелерге жіктелуі — кемпірқосақтың көрінуінің себебі, өйткені, су да, шыны да ауадан тығыз заттар.
Осымен байланысты аспанның тағы бір көрінісін айта кетуге болады. Таңертеңгілікте, әсіресе, кешкілікте күн төмендеп батуға барғанда, оның сәулесі қызыл болып көрінеді. Мұның себебі: Жердің сыртын айнала қаптаған қалың ауа (атмосфера) қабаты бар, күн жоғарыда тұрғанда оның сәулесі ауа қабатын тік кесіп өтеді, ал, төмендеп батуға сол қабатты жер бетіне жанаса кесіп өтеді, демек, сәуленің ауа ішіндегі кейінгі жанама жолы алғашқы тік жолынан әлдеқайда ұзақ болады, сондықтан, сәуле жолындағы ауа затының бөгеті көбейеді, көрінетін сәуленің қысқа толқынды түстері сол бөгетке шырмалып қалады, ең ұзын толқынды қызыл түсті сәуле ғана жол тауып бізге жетеді.

Алғаш неолит заманында ес қалыптасып, толысты десек те, діни құндылықтардың ерекшеліктерін, олардың ғылыми, этникалық дүниетанымға тигізген ықпалын жаңаша сараптау керек. Қазақ философиясын кәсіби деңгейге көтерген ұлы тұлға — Шәкәрім. Ол өзінің «Үш анық» атты еңбегінде қоңыр философияны «ар ілімі» деп атап, дүниетанымның көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ождан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың түп-қазығын құрастырады дейді.

Түйсік қоңыр танымдық үн сезімінде кісі адами сәті жай ғана қоңырлайды, сонымен қатар, наноқоңыр түйсігі тіл формасында дамиды.
Жоғарыдағы аталған домбыра шкаласы атты суретке тоқталсақ, самолет, поезд, машинаның т.б. техникалық қатты шумы адамзат ағзасына кері әсер беріп жатыр. Мұндай адам ағзасына кері әсер беретін өте қатты техникалық шумдарды еуропалық ғалымдар өзгертіп, «еуро-3, еуро-4, еуро-5» стандарттарына келтіріп, бірте-бірте қазір көше бастады. Бұл біз айтып отырған шумы 25-75 Дц-ден аспайтын адам ағзасына қонымды табиғи қоңыр халал дыбыстардан тұратынын айтамыз. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде жасалған ТУ-154 сияқты шумы көп самолеттер (120-130 Дц), машиналар, соғыс танкілерін қазір еуропа стандарттарына сай емес деп еуропада қабылдамайтын болды. Ал, музыка саласын айтсақ, эстрада музыкасындағы аппаратуралардың дыбыс күші 130-140 Дц-ға жететін адамзат жүйкесін талқандап, қоздырып жатқаны кез-келген саналы азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Қазіргі таңда өкінішке орай осы саланың ғалымдары да көңіл бөліп назар аударар емес. Осындай дүлей музыкамен адамзат ақыл-ой санасын өз қолымызбен оп-оңай улап, талқандап жатырмыз. Жер бетіндегі тіршілік ғылым үнінен басталады десек, бұған мән беріп, көңіл бөлетін уақыт қашан жетеді — ол жағы әзірге белгісіз болып тұр. Біздің мақсатымыз — әлемдік техникалық шумдарды болашақтағы домбыраның қоңыр үнінен асырмай, (25-75 Дц) ғылыми түрде бағындыру (сурет). Әр жүз жыл сайын адамзат білімі, ілімі, ғылымы өзгеріп тұратын көрінеді. Міне, ХХI ғасыр табалдырығын аттағанда сандық технологияға айналдыру басталды. Барлық ғылымдарды сандық технологияға айналдырғанда барып дәл, нақты, анық ғылым шығады екен. Бұрын мысалы тарих, биология, математика, музыка пәндері бір-бірінің тілін түсінбейтін. Енді сандық технология арқылы барлық пәндер бір-бірінің тілін жеңіл, еркін түсінетін болады. Музыкада домбыраны сандық технологияға аударып жұмыс жасап жатырмыз. Бұрын сандық технологиямен математика, физика, геометрия сияқты пәндер айналысса, қазір барлық ақпарат құралдары да 3D3G сандық фарматқа көшіп жатыр.
Себебі, антропологиялық, әлеуметтік мәдениеттану-мәдени сипаттан тазартылған логика жерұйық атамұралы ділді үн-қоңыр ұлттың даму болмысындағы қазақтар мұрасы қоңыр үнді саз құбылыстарды тануда дәрменсіздік танытып қана қоймай, халық бойындағы дәстүр мен мәдениет сабақтастығын үзуге де ықпалын тигізіп отыр. Сабақтастық дәстүрінің үзілуі нәтижесінде ғылым мен діннің, миф пен философияның, далалық білім мен ғылыми білім арасында алшақтық пайда болды. Олардың өзара байланысының үзілуі нәтижесінде, оларды бір-біріне қарама-қарсы қою әдетке айналды.
Ол аздай, ғылыми тұрғыда қалыптасқан көзқарастар деңгейінде өткенге деген менсінбеушілік, биіктік тұрғысынан қарау дағдыға айналды. Нәтижесінде өркениет даму мен ойлаудың тұтастық логикасы бұзылды, бірін-бірі түсінбеушілік психологиясы қалыптасты. Адамзат бойындағы әр халықтың өз әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, білімі, ғылымы, діні, музыкасы, т.б. әрқайсысы он-он пайыздан аспағанда жүз пайыз бойына жинап, табиғи бір мәдениет қалыптасады екен. Аталған қасиеттердің бірі адам бойында он пайыздан әлдеқайда асып кетсе, онда адам ол қасиетке «фанат» болып табынып кетуі мүмкін. Жақында (2010 жылдың маусым айында) менің көптен зерттеп айтып жүрген қазақтың қоңыр үнін еуропада (Амстрдамда) ғылыми семинар өткізген зейнеткер ғалым Ж.Байғозы жиында космоспен қоңырдың байланысын айтып дәлелдеген, еуропа ғалымдарының көзқарасы кейіннен Ресейдің «Мир» телеканалы арнасы арқылы айтылып талқыланып қабылданыпты.
Қоңыр нормалар бастапқы және бірінші, соған қарамастан адам әркез қоршаған ортаны жақсылық, жамандық, әділеттілік және т.б. категорияларда қоңыр қабылдайды. Әркез қоңыр «мен» жағдайдың ортасы сияқты шығады, бұл — индивидуалды сананың бөлінбейтін діл қасиеті. Имандылық қасиет, әділетті істер адамдардың күнделікті өмір тіршілігін мысалы деп тұрақтап, олар қалыпты іс-әрекетке айналғанда әдет деп аталады, тазалық сақтау, ұқыптылық, орнымен сөйлеу, адамгершілік, кішіпейілділік сияқты қасиеттер адам бойындағы жағымды әдеттерді қалыптастыруға жәрдемдеседі. Ал, жағымсыз әдет, керісінше, адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына нұқсан келтіреді. Халықта «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген мәтел осы жәйттің мәнін айқындай түседі. Жағымды әдет адамның бар күш-жігерін пайдалы істерді тындыруға көмектеседі. Әдеп діл нысан сарыны адамның қоңыр үндестік іс-әрекет түрлеріне орай, жан қуаттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Өріс, көзқарастар кәсіп ділі — арнайы реализм білімнің негізгі жақтары еркін ойлау, мал алып аң баулу, өсіру, бағу бектік бақша өсіру адамгершілік, ізгілік, имандылық, егіншілік қабілеттілік болатын. Ол қоңыр таңба болғаннан кейін бұл мәдени-жәдігер мұра үн үлкен қарқынмен дами отырып, пайда болады. Әрқилы зорлық-зомбылыққа қарсы ауыз әдебиет ерекшеліктері күрделі күресу, құқықтық, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар өркениет философиялық саяси жақтары жазба жолдардан өтті. Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімсіздікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемшіліктерге қарсы бағытталады.

 


Жұмагелді НӘЖІМЕДЕНОВ, өнер қайраткері,

Алматы қаласы.

Пікірлер