Қазақ халқының үздік ертегілері 15 томдық аудиокітапқа жинақталды

4876
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының 15 үздік ертегісі бір аудиокітапқа жинақталып, жарыққа шықты. 

«Біз 15 томнан тұратын аудиокітаптың тұсаукесерін өткіздік. Олардың әрбірінде бір ертегіден жазылған. Қазақ халқының ең танымал ертегілерін іріктеп алдық. Мысалы: «Жыл басы», «Үш аю», «Екі лақ», «Кім күшті», «Еріккен хан» және тағы басқалары», - дейді аудиокітапты дайындаған «SANA Media» ЖШС директоры Құралбек Атамұратов.

Аудиокітапқа тәрбиелік мәні бар халық ертегілері жинақталып отыр. Сондай-ақ әрбір шығарма әнмен сүйемелденіп, суреттермен безендірілген.
«Бүгінгі күні дүкендерде шетелдік кітаптар көп сатылады. Сондықтан балаларымыз бәрін орыс немесе ағылшын тілінде оқиды. Ал қазақ тіліндегі ертегілер жинақталған аудиокітаптар жоқ. Балалар халық ертегілерін ана тілінде оқып, түсінуі қажет. Сондықтан осындай өнімді жарыққа шығарып отырмыз», - дейді Атамұратов.

Оның айтуынша, кітапты дайындауға кәсіби актерлер аталысып, кейіперлерді дыбыстаған.

Әрбір аудиокітап 4 мың данадан тұрады, сонда барлығы 60 мың дана ертегілер жинағы жарық көрген. 

Пікірлер