Қырқынан шығару

4934
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар осы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі - баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн толган соң, оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады. Кәде беріледі, дастархан жайылады.

Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қояды. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.

Баланы қырқынан шығарудың тағы бір ерекшелігі бар. Қырық күннен сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып денесі сау болып өсуіне деген ақ батадан (тілектен) шыққан.

Осы жерде “қырқы” деген сөзге мән беру керек.

Қайтыс болған адамның да “қырқы” беріледі. Бірақ баланы “қырқынан шығарылады” деп, өлген адамға “қырқы берілді” деп айтады. Мұны шатастырып алуға болмайды.

Баланың тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де бар. Олар мынадай:

1. құрсақ шашу

2. жарыс қазан

3. кіндік кесер

4. ат қою

5. бесікке салу

6. тыштырма

7. қырқынан шығару

8. тұсау кесу

9. тіл ашар

10. ашамайға мінгізу

11. аузына түкіру

12. шідерге сигізу...т.б.


Пікірлер