«Қасақана өлтірілді»: Мысырда Қазақстан елшілігінің қызметкері қайтыс болды

3865
Adyrna.kz Telegram

Сурет Facebook желісінен алынды

Мысырда Қазақстан елшілігінің мәдениет бөлімінің екінші хатшысы қайтыс болды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған деген ақпарат бар. Алайда туыстары бұған сенбей отыр. Сөздерінше, Еламан Жолдасовты біреулер қасақана өлтірген. Әділдік іздеген бауырлары Тоқаевқа ашық хат жолдады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі. 

Оқиға 13 желтоқсанда Каир қаласында болған. Марқұмның бауырының сөзінше, жұмыс уақыты кезінде Қазақстан елшілігінің мәдениет бөлімінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың қайтыс болғаны туралы суық хабар алады. Мысыр елінің мамандары сараптаманың қорытындысы шықпай жатып, қазақстандықтың өз-өзіне қол жұмсағанын айтып отыр.

«Нақтылай айтып кететін болсам 13 күні қасақана өлтірілді деген мәлімет алған болатынбыз, арадан көп уақыт өтпей 14 күні экспертизаның шешімінсіз өз-өзіне қол жұмсады деген қисыңға сиғысыз мәлімет беріліп отыр. Еламан бауырымның, бізге жеткен мәліметтер бойынша, оның аяқ қолы байланғанын және де денесінде қан болғанын кісі қолынан қасақана өлтірілген белгілері айқын көріністе табылған. Және мойнында күрме байланған жіп болған, тіпті арқасында жырықтар болғаны расталады», – дейді марқұмның ағасы.

Осы белгілерге қарамастан сол елдің мамандары қазақстандықты суицид жасады деп отырған көрінеді. Ашынған бауырлары ендігі үміт ел президентінде деп, ашық хат жолдады.

«Құрметті Қасым Жомарт Тоқаев,елі үшін жер асып,ұлты үшін аянбай еңбек етіп ,ілім мен ғылым жолында жүрген бауырымның ондай іске бармастығына сенім білдіре отырып. Жолдасов Еламанның өлімі жөнінде әділ шешім шығаруын және өз қадағалауыңызда ұстауыңызды өтінеміз», деп жазады Нұрлан Жолдасов.

Айта кетейік, Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты сараптамының қорытындысы әзірге шыққан жоқ.

 

Пікірлер