Қазақстандағы 2019 жылдың  Желтоқсан революциясы

3633
Adyrna.kz Telegram

Революцияның басталуы-    Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде транзиттік трансформацияны бастап еді. Транзиттік трансформация - саяси және құқықтық реформалардың жолы ретінде ойластырылды.  Бұл транзиттік трансформация элитарлық сипатта, көп халықты қатыстыру талап етпейді. Бұл революциялық толқу емес, бұл бүгінгі күні бейбіт әрекеттер болмақ. Сонымен 20-шы   Желтоқсанда 2019 жылы Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысында (Национального совета общественного доверия) Тоқаев ҚР Президенті ретінде бірқатар саяси және құқықтық реформаларды заңдастыруды ұсынды.(https://ru.wikipedia.org/wiki/)

Революцияның нақты мақсаттары: жеке тұлғаларға  персоналық кепілдік (обеспечение права неприкосновенности личности) және жерге жеке меншік  орнатып, мұрагерлік құқықпен қамтамасыз ету. Фермерлерге жерге иелікті меншіктікке кепілдік беру. Ортаң қол ,ұсақ меншік иелеріне,және басқа жеке меншікке иелік кепілдік беру. 

 Революцияның себептері: 2015-2016 жылдары Қазақстанда экономикалық дағдарыс басталды. Экономика сол екі жылда тек 1.0%-1.2%   өсті. Бұл жағдай экономиканың стагнациясына әкелмек еді. Экономикалық дағдарыс ушығып саяси және әлеуметтік наразылыққа апармақ еді. 

Революцияның штабы, қаржылануы, белсенділері.

       Элитарлық революция- қантөгіссіз революцияны жүргізу сценариіның орындалуы.  Қазақстанның саяси басшылығы ретінде Назарбаев Президент ретінде биліктің Президент лауазымын Конституциялық жолмен екіге бөліп: Елбасы-Бірінші Президент және ҚР Президенті екі құзыреттің біріншісін өз қолына алып, екіншісін Тоқаевтың қолына  берген еді. Революцияның басқарушы күші- жаңа сипаттағы партиялар болмақ. Ескі дискрептивтерді (коммунистік жүйенің келеңсіздіктерін) жойып, люстрация (қызметтен шеттету) арқылы ескі элитаны биліктен кетіру. Жаңа элитаны қалыптастыру.

Түпкілікті  саяси реформа мақсаттары мен басқа сипаттары. Революция тереңдеп  жүруі керек. Яғни Парламенттің, Атқарушы, Сот биліктің тармақтарының құзырларын өзара теңестіру- тежеу- дербестену механизмі керек. Үлгі ретінде АҚШ,Германия ,т.б.

Қауіптер пен қатерлер: Революция барысында атқарушы билік тым бәсеңдеп, қарулы күштер қауқарсыз қалып, Қазақстанның  территориялық тұтастығына қауып- қатерлер әбден төнуі мүмкүн, сондықтан АҚШ пен ЕО қосымша кепілдік алып, өз қарулы күштеріне сақтық пен ауызбірлік керек.Революция "өз балаларын өзі жеп қоятын", бірін бірі аяусыз құрбандыққа шалатын әдеті бар. Революция жалған тарихнамалар жасауға әуес болады.

Әр революцияның өз "жолбикештері, сатқындары мен эпикалық қахарман кейіпкерлері" болады. Революция әбден жеңген кезде саяси опасыздар мен финанстық алпауыттар агенттері мен авантюристер орнығып солар қызығын көреді.

 Революция салдары мен нәтижелері: революция азаматтық соғысқа айналмаса, қойған мақсаттарын орындаса саяси тиянақтылық пен дәулетті тұрмыс орнығады.

Әзімбай Ғали,

Тарих ғылымдарының докторы

Пікірлер