Тоқаевтың 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды

7547
Adyrna.kz Telegram

Жарлық Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атауға қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қостанай облысындағы Затобол кенті Тобыл қаласы деп қайта аталады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент 2020 жылдағы алғашқы жарлығына қол қойды. Ол Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атауға қатысты.

"Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тобыл қаласы (бұрынғы Затобол кенті) Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша мұнда 26 402 адам тұрады.

Бұған дейін еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер мен жастар елді мекеннің атауын өзгертіп, мәртебесін өзгертуді ұсынған еді.

 

Пікірлер