Қытай азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат берілді

18652
Adyrna.kz Telegram
Қазақстанға Қытай және Үндістан азаматтары 72 сағатқа визасыз кіре алады. Бұл жайында  "Адырна" порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл 1 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режим жұмыс істейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында хабарланды.

1 қаңтардан бастап Қытай және Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз жүре алады.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің «Иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің және Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен, Қазақстан Республикасына заңсыз келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларындағы халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай және Үндістан Республикаларының азаматтары үшін Қазақстан аумағына кіру үшін 72 сағат визасыз режим іске қосылады» – делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер