«Астанаға» жаңа спорт директоры тағайындалды

2562
Adyrna.kz Telegram
«Астана» футбол клубының спорт директоры болып Ғани Қайназаров тағайындалды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлайды

Ол футболшы ретінде Жамбыл облысының «Химик», Алматының «Қайрат», «Тараз» және Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған. Карьерасын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында, «Тараз» клубында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Ал осыған дейін спорт директоры болған Нүркен Мазбаев клубта өзге лауазымда қызмет ететін болады.

Айта кетейік, бүгін «Астана» командасынан футболшылар – Серікжан Мужиков, Роман Мұртазаев, Александр Мокин кетті.

Пікірлер