2020 жылы Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшірудің астарында не жатыр?

2862
Adyrna.kz Telegram

Осыған дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҰБ) Елордаға көшірілуі Алматының экономикалық болашағына теріс әсер етуі мүмкін» деген пікірді сарапшылар жиі айтып келген.  

«Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы» (ҚҚҚ) кеңесінің басқарма төрайымы Елена   Бахмутова 2019  жылдың  қыркүйек   айында Алматыда өткен кәсіпкерлердің жыл сайынғы  V конференциясында  Алматының қаржылық мәртебесін жоғалтуы мегаполистің экономикалық болашағына теріс әсер етуі мүмкін екендігін тұспалдап жеткізген. Жақында халықаралық валюта қоры өкілдері 2020 жылы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолияның тоғыз еліне аймақтық техникалық көмек көрсету орталығы Алматыда  жұмыс істейтінін айтқан болатын.  Жаңа ұйым интеграцияланған қаржы нарығына қатысушыларды реттеудің бірыңғай тәсілін ұсынады. 

Себебі, Бахмутова ханымның пайымдауынша,   ЕАЭО  2025 жылы Алматыда ұлттықтан жоғары тұратын орган құру туралы шешімге күмән келтіруі мүмкін, ал мұндай органдар бизнесті дамыту үшін маңызды.

«Қаржы саласында жұмыс істейтін 186 мың қызметкердің 50 мыңы Алматыда жұмыс істейді, ал қаржы секторының өзі салық түсімдерінің едәуір бөлігін тікелей құрайды. 2018 жылы тек жеке табыс пен әлеуметтік салықтар қаржы секторының осы салықтарының шамамен 15% -ын құрады. Ұлттық банктің орталық кеңсесін Нұр-Сұлтанға ауыстыру мүмкіндігі   қаржы ұйымдарының кейінгі қозғалысына қозғаушы күш болуы мүмкін», - деген еді  Е. Бахмутова.
Сарапшылар ғана емес, кәсіпкерлер де  қаржы секторы Алматыда өндірілетін тауарлар мен қызметтерге төлем қабілетті сұранысты қалыптастыратынын,  бизнесті дамытуға және шетелдік инвесторларды тартуға ынталандыратынын айтады. Бұл фактор  шағын және орта бизнестің кірістеріне қосымша әсер ететін көрінеді. Себебі  Астана мен Алматының дамуында өзгешелік бар екені, оларды бір-бірімен салыстыруға да болмайтыны белгілі болып қалды.  Алматы өркениетті түрде және нарық заңына сәйкес үкіметтің қолдауынсыз дамып жатыр.  Ал Астананың дамуы жайлы мұндай пікірді айта алмайсың. Мұнда нарық заңы емес,  шенеуніктердің шешімі көбірек ықпал етеді.

« 2011 жылы аймақтық қаржы орталығы ретінде жоба жабылғанына қарамастан, Алматы әлі де халықаралық қаржы орталығы болып табылады. 2019 жылы жарияланған қаржы орталықтарының жаһандық индексінде Алматы мен Астана Орталық Азиядағы жетекші қаржы орталықтары деп аталады », - деп түсіндіреді Бахмутова.

Жақында ХВҚ өкілдері 2020 жылы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолияның тоғыз еліне аймақтық техникалық көмек көрсету орталығы жұмыс істей бастайды деп мәлімдеген болатын.  Енді бес  жылдан кейін қалада Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдердің ортақ қаржы нарығын реттеудің ұлттықтан жоғары органы болады.

Жаңа ұйым интеграцияланған қаржы нарығына қатысушыларды реттеудің бірыңғай тәсілін ұсынады.

«Қадағалаушы нарықты реттеумен айналысады. Ұлтаралық реттеу мәселелері өте өзекті, өйткені оған барлық елдердің  келісімі  қажет», - деген болатын Қаржыгерлер қауымдастығының жетекшісі Елена Бахмутова.

Ұлттық банк басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде орталық банктердің барлығы дерлік астаналарда орналасқанын айтты.

«Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға   көшуі номенклатура емес, орталық банктер үшін жиі кездесетін құбылыс », - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері.

Шындығында, Германия Федеративтік Республикасы мен Австралия Одағы мемлекеттік аппараты орталық банктерді көшіруге өз еркімен шешім қабылдамапты.  Жағдай соған мәжбүрледі. Мысалы, Сидней континенттің қаржылық орталығы болып саналады, өйткені онда австралиялық бағалы қағаздар биржасы (ASX), сондай-ақ 90 банктің бас кеңсесі және елдегі ірі компаниялардың жартысынан көбі орналасқан. Германияда Франкфурт «банктік қала» ретінде танымал.  Германияның он ірі банкінің бесеуінің штаб-пәтері, соның ішінде «Үлкен үштік» - Deutsche Bank, Commerzbank және DZ Bank. Еуроаймақтың ақша-несие саясаты мен қаржылық бақылауына жауап беретін Еуропалық орталық банк Германияның Федералды банкінің жанында қаланың іскери бөлігінде орналасқан.  Неміс бағалы қағаздар нарығы айналымының 90% -дан астамы қаланың сауда алаңы арқылы өтеді.

Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға көшуін қолдайтын топ Бас банктің Елордада, ашығын айтқанда Үкіметтің иегінің астында жұмыс істегенін қолдайды. «Олар мемлекеттік органдардың бәрі көшті, солай болуы тиіс» деген аргументті алға тартады. Ал қаржыгерлер болса орталық банктің елодада болуы ондай шешуші фактор емес, бірақ орталық банктің қаржы орталығында, бизнестің орталысында  болуы қаржы ұйымдары үшін өте маңызды, Қазақстандағы ШОБ-тың 40 пайызы Алматыда тіркелген деген  пайымға басымдық беріп отыр.

Алматы қаласы әкімі  Бақытжан Сағынтаев қоныс аударуға көзқарасы белгілі.    Алматыда Қазақстанның ірі салық төлеуші ​​компанияларының үштен бірі, 30-дан астам трансұлттық компаниялар, банктің бас кеңсесінің 86%, бірлескен және 43% ірі халықаралық ұйымдар орналасқан. Алматы - экономикасы 36 миллиард АҚШ долларын құрайтын Орталық Азиядағы ең дамыған мегаполис.

Әкім сол жиында  журналистермен кездескен кезде «Бүгін біз донормыз. Ертең біз басқа мәртебеге ауысып, субвенциялық қала бола аламыз, олар бізге республикалық бюджеттен беретін болады», - деп ойын түйіндеген болатын.

Бұл мәселе журналистер қоғамы үшін де жаңалық емес. 2015 жылы Украинаның  «Archimatika»  cәулет компаниясы Ұлттық Банк ғимаратының дизайн-жобасын әзірлеп қойған. Ал тапсырыс беруші қазақстандық құрылыс компаниялары екені де белгілі.

Бас реттеуші банктің төрағасы Ерболат Досаевтың түсіндіруінше,   Алматы қаласында жаңа агенттікті құру Ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.  Ұлттық банктің бірқатар функциясы мен өкілеттіктері жаңа агенттікке ауысады. Бұл деген сөз Ұлттық банктің штатындағы  шамамен 500 адам осы агенттікке ауыстырылады.   

Саясаттанушы Досым Сәтпаев осыған дейін журналистермен кездескен кезде бұл идея  ұлттық банк төрағаларының тікелей ынтасы екенін, тек   Григорий Марченко басшы болған кезінде Ұлттық банктің Астанаға көшуіне белсенді қарсы болғанан еске түсірді.  Григорий Марченко өзінің ұстанымын «Ұлттық банк тәуелсіз ойыншы болғысы келсе, Астанадағы шенеуніктерден алыстау болғаны жөн» деп түсіндірген. 2010-2015 жылдары саябырсып қалған көшу туралы әңгіме  Ұлттық банкке басшылыққа Қайрат Келімбетовтің келуімен өзгеріп, қоныс аудару мәселесі қайта көтерілген.  Досым Сәтпаевтың түсіндіруінше, мемлекеттік ұйымдарды, бизнес құрылымдарды күштеп белгілі бір жерге көшіруге болады. «Бизнес өзіне қай жер ыңғайлы екенін өзі шешеді. Бірақ көптеген мемлекеттік емес бизнес құрылымдар үшін Алматы – логистика тұрғысынан болсын, жайлылық жағынан болсын – ең ыңғайлысы» деп ойын түйіндейді Досым Сәтпаев.
 2015 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҰБ) орталық аппараты 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшірілетіні туралы хабарланған болатын.
«2017 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын мекемелерді Алматыдан Астанаға кезең-кезеңімен орналастырылуын қамтамасыз ету», - делінген Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 «Астана халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласына көшуі туралы» жарлығында.

Сонымен  Нұр-Сұлтан  Ұлттық банкті 2020 жылдың наурыз айында қабылдап алатыны 2019 жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Ұлттық банк басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде орталық банктердің барлығы дерлік астаналарда орналасқанын айтты.  «Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға  көшуі номенклатура емес, орталық банктер үшін жиі кездесетін құбылыс », - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері.

Шындығында, Германия Федеративтік Республикасы мен Австралия Одағы мемлекеттік аппараты орталық банктерді көшіруге өз еркімен шешім қабылдамапты.  Сидней континенттің қаржылық орталығы болып саналады, өйткені онда австралиялық бағалы қағаздар биржасы (ASX), сондай-ақ 90 банктің бас кеңсесі және елдегі ірі компаниялардың жартысынан көбі орналасқан. Германияда Франкфурт «банктік қала» ретінде танымал.  Германияның он ірі банкінің бесеуінің штаб-пәтері, соның ішінде «Үлкен үштік» - Deutsche Bank, Commerzbank және DZ Bank. Еуроаймақтың ақша-несие саясаты мен қаржылық бақылауына жауап беретін Еуропалық орталық банк Германияның Федералды банкінің жанында қаланың іскери бөлігінде орналасқан.

Мәселенің ақ-қарасы айқындалған соң сарапшылар бұл  тақырыпқа әр қырынан қарай бастады. Әзірге бәсі басым болып тұрған тақырып, оның жылжымайтын мүлік нарығына ықпалы болып тұр. «Бұл фактор Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығын арзандатып, Нұр-Сұлтанда қымбаттауына әкелуі мүмкін» дейді сарапшылар. 

Нұр-Сұлтан қаласы үшін тағы бір тиімдісі  Астанадағы халықаралық қаржы орталығының ұстанымы мен беделін көтеруге бағытталмақ. Алматы ШОБ, қаржы ұйымдары, үкіметтің ұстанымынша,    қалыптасты. Нарықтың жағдайына бейімделді.  Енді Ұлттық банктің әлеуетін Нұр-Сұлтан қаласының қаржылық әлеуетін көтеруге бағытталуы тиіс.  

Алматыда өткен баспасөз жиынында жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Лев Тетин  Ұлттық банкпен бірге қаржы ұйымдарының Нұр-Сұлтанға көшуі туралы ойымен бөлісті. 2020-2025 жылдар тек Алматыдан ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінен Бас қалаға қоныс аударатын қаржы мамандарының саны 300 мыңға жетуі мүмкін. Ал көші-қонның жылдық деңгейі 60 мың адамның айналасында болуы мүмкін.

«Мұндай құрылымдық өзгерістер дамуға жол ашады. Бәсекелестікті арттырып, ұсыныстың сапасын көтереді. Банк клинеттері үшін бәсекеге де жол ашады. Енді банктер клиенттерді көбірек тарту үшін жаңа технологияның көмегіне жүгінсе, құрылыс компаниялары кәсіби біліктілікке, сапаға басымдық береді» дейді   Лев Тетин. 

Рауан ІЛИЯСОВ, 

"Адырна" ұлттық порталы

  

Пікірлер