Павлодар ма? Ертіс пе?

7750
Adyrna.kz Telegram

Соңғы апта Павлодар қаласы дүрлігуде. Әрине, жау шауып, су басып жатқан жоқ. Митингі деген ұғым бұл қаланың түсіне де кірмейді. Мәселе қаланың атауын өзгертсек деген жергілікті белсенділердің ұсынысында.  "Жебе" қоғамдық ұйымы Ертістің жағасына ат басын тіреген депутат Айзада Құрмановаға ұсыныс тастапты. Қаланың атын Ертіс деп өзгерту жөнінде.

"Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші, қалада бірнеше көше атауларының өзгергеніне іштері удай ашып жүргендер осы жолы аянып қалмады. "Шегінетін жер жоқ, артымызда Павлодар" деп ұрандатқандар бастамашыл топтың жеке басына тиісуден де қаймығар емес.   Әлеуметтік желі БАҚ-на теңестірілгенінен, ол үшін арнайы бап бар екенінен хабарсыз ба? Әлде, жорта білмегенсиді ме? Солардың ішінде өз қазақтарымыздың да жүргені қынжылтады. Тәуелсіздік алған 30 жылда өз идеологиямызды жасай алмаған не деген сорлы халық едік? Мынау жергілікті павлодарлық инстаграмның бір ғана парақшасындағы әріптесіміз, журналист Есенбек Санатұлына Ертіс атауын қолдағаны үшін жазылған пікірлердің скриншоты. Ал, мұндай топтар мен пікірлер әлемжеліде қаншама.

 

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовта тарихта қалатын керемет мүмкіндік туып тұр. Халықтың қолдауын пайдаланып, Павлодардың атын ауыстырып тастаса Жұмабекұлының ешкім қолын қақпайын деп тұр. Бұрынғы әкімдер халық қарсы шыға ма деп жалтақтайтын. Бақауов болса көшелердің аттарын қазақшалап, тәжірибе жинап алды. Мұндай мүмкіндік миллионның біріне бұйырады.

Ресейдің қай қаласы Абылай ханның немесе Тоқтамыстың атында? Мәскеуді кеудесімен қорғаған Бауыржанға Ресей қандай құрмет көрсетті? Ұлттық идеология деген болады. Бір қаланың атын өзгерте алмасақ қандай Рухани Жаңғыру?

Ертіс деген атау қандай мағына береді? Қаланың атауының өзгеруі қаншалықты тиімді? Осы турасында өзіндік ойы бар зиялы қауым өкілдеріне хабарластық.

Нәпіл Бәзілхан, түркітанушы, ғалым

- Ертіс - бұл 7 ғасырда пайда болған атау. Ер -деген сөз, ержігіт деген сөзден алынған. Ал, Тіс деген жалғау қыртыс деген сөздің тыс жалғауы. Ер деген қазіргі ер деген сөз емес. Еркек табиғат деген сөз. Табиғаттың еркегі деген сөз. Жыртып өткен аңғарды, топырақ өзен тесіп өткен жерді  қыртыс деп атайды. Түркілер Ертіш деп атаған.

Дулат Исабеков, жазушы

-  Павлодардың Ертіс болып өзгеруін екі қолымды, екі аяғымды көтеріп қолдаймын! Халықтың санасы жетпей жүр ме? Әлде, биліктің басы жетпей жүр ме? Бұл баяғыда ауыстыратын, кезек күттірмейтін мәселе ғой. Павлодар ол - Ертіс! Бүкіл қазақстандықтарды ос ыатауды қолдауға шақырамын!

Қабдеш Жұмаділов, жазушы

Мәселе Ертісте, Керекуде емес. Бізге Павлодар деген аттан құтылу керек. Халықтың талабы болу керек. Павлодар деген не ат? Павлға сыйлық. Біз қазір тәуелсіз елдің азаматымыз. Қандай ат қоятынын халық шешу керек!

 

Қытайдан бастау алып, Зайсанға дейін Қара Ертіс атанатын өзен, көлден кейін Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Шығыс Қазақстан арқылы ағатын өзен Павлодар облысына келіп,ары қарай Ресйе Федерациясына өтеді. Міне, осы Павлодарға келген кезінде Ертіс өте кең жайылады. Өскемен мен Семейде арнадай аспайтын өзен Павлодар облысына кіргеннен бастап жайылып, шалқып жатады.

Жалпы, Ертіс өзені туралы Википедия былай дейді:

Ертіс (орыс. Иртышқыт. 额尔齐斯河) — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.

Қазақстан жерінде Шығыс ҚазақстанПавлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.

Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыАлтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.

Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.

Қазақ жерінде Ертіс ағынын ҚатынҚалбаНарынТарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл кент тұсында 25 – 30 км-ге жетеді.

Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: ӨскеменСемейПавлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйріксыланбекірешортаналабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазантабанкөксерке және байкал омулі жерсіндірілген.

Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.

Оңғар Қабден, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер