АҚШ Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін айтты

2531
Adyrna.kz Telegram

АҚШ әскерилері 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін хабарлады.

"8 қаңтар күнгі Иранның әл-Асад авиабазасына шабуылы кезінде кейбір сарбаздар ми шайқалу белгілерін емдеу курсынан өтті" деді АҚШ қарулы күштер басқармасының өкілі Билл Урбан.

Тегеран 8 қаңтарда "генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін" АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Ислам революциясы корпусына қарасты "Құдс күштерінің" қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен.​

8 қаңтар күнгі халыққа жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамп "Иран шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпеді" және шабуылдың салдарынан базалар "сәл бүлінді" деп мәлімдеген.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер