Қытайда жаңа вирустан екінші адам қайтыс болды

2592
Adyrna.kz Telegram

Вухан медициналық орталығы. Bannerbook.org сайтынан алынған сурет

Қытайда пневмония белгілерін тудыратын жаңа коронавирустан екінші адам қайтыс болды. Вирусты өлім елдің шығысындағы Ухан қаласында тіркелді, аурудың басталу дерегі желтоқсанда басталды, деп хабарлайды Рейтерс қалалық денсаулық сақтау комиссиясына сілтеме жасап.

Бүйрек қызметі бұзылған және ішкі мүшелеріне қатты зақым келген 69 жастағы ер адам 15 қаңтарда қайтыс болды.

Сонымен бірге Жапония бұл вирустың бірінші рет тіркелгенін растады, Қытаймен көршілес орналасқан, оның тасымалдаушысы ретінде тіркелген екінші ел болды. Бірінші рет  бұл ауру Тайландтан табылған еді. Уханнан Бангкокқа ұшқан әйелге карантин қойылды. Жапонияда Уханға келген 30 жастағы Канагава префектурасының тұрғыны ауырып қалды.

Қытайлық эпидемиологтар анықтағандай, індеттің қоздырғышы - жай суық ұстау мен жіті респираторлық синдромды (SARS) тудыратын коронавирустың жаңа түрі.

Ухань - Қытайдағы ең үлкен қалалардың бірі, Хубэй провинциясының орталығы. Қалада барлығы 41 ауру анықталды. Вирус жұқтырғандардың барлығы қалалық теңіз сауда базарына барған. Бірінші зардап шеккен адам желтоқсан айының соңында ауырып қалған адам болды.

Бұл елде пневмонияның басталуына байланысты Қазақстан Қытайдан келетін көліктің барлық түрлеріне бақылауды күшейтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер