Қытайдағы вирус: Қазақстанда санитарлық бақылау күшейтілді

2294
Adyrna.kz Telegram

Қытай Халық Республикасында коронавирустың туындап, пневмонияның өршуіне байланысты Қазақстан Республикасында санитарлық бақылау шаралары күшейтілді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті,  Көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылауды бақылау департаменті Алматы қаласы әуежайының санитарлық-карантиндік пунктімен бірлесіп халықаралық әуежайда оқу-жаттығу өткізетіндігін хабарлады.

Іс-шара коронавирустық инфекцияның Қазақстанға әкелінуінің  алдын алу және болдырмау мақсатында өткізіліп отыр. Бұл шара санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ және Алматы қаласының басқа ұйымдары мен департаменттерінің медициналық қызметке дайындығын бағалау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бұған дейін отандық мамандар коронавирус жұқтырған кезде қандай белгілер болатынын айтқан болатын.

Бүгінгі таңда коронавирустан 17 адам қаза тауып, 550 адам зардап шекті.  Қытайдың кейбір қалалары карантинге жабылды.

Пікірлер