Қытайдағы вирустың себебі анықталды

3612

Ғалымдар қытайда таралып жатқан жұқпалы аурудың жаңа түрі – коронвирустың шығу себебін анықтады, - деп хабарлайды newsroom.kz  ресейлік aif.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқымыстылардың айтуынша, қытайлықтардың жұқтырып жатқан аурының таралуына жыландардың қатысы бар. Сарапшылар вирус геномының бес үлгісін 200-ден астам басқа вирустардың үлгілері туралы мәліметтермен салыстырды. Нәтижесінде, коронавирустың гибриді жыланда бар екені екені белгілі болды. Сондай-ақ дәл осындай гибрид жарғанаттардан да табылған.

Ғалымдар сонымен бірге вирустың жаңа түрін тасымалдаушылар ең алдымен, қытай кобрасы және оңтүстік қытай аймақтарында кездесетін көпжолақты крайт жыландары деген тұжырымға келді. Зерттеушілердің айтуынша, бауырымен жорғалаушылар жарқанаттардан жұқтырған вирустар жылан денесіне енген. Сондықтан коронавирустың жаңа түрі пайда болды. Кейіннен ол адам ағзасына да енген, - деген болжам айтуда.

Зерттеулер нәтижесінде,  науқастардың Қытайдың Ухань қаласында азық-түлік базарында жұмыс істегенін немесе оған барғанын көрсетті. Бұл нарықта қоян, құс, теңіз өнімдері мен жыландар сатылады, сондықтан бұл ауру зоонозды инфекция болуы мүмкін, - деген тұжырым бар.

Пікірлер