Қытайды құртқан харам ас

2947
Adyrna.kz Telegram

Қазірде, ас-ауқатқа қатысты көптеген жайттарды сауатты меңгерген елдер «харам ас адамның мінез-құлқын бұзатынын» айтып барынша дабыл қағуда. Отандық ғалымдарымыз да бұл бізге үлкен ескерту екенін де құлаққағыс жасап отыр. Мәселен бұл ретте, биолог-ғалым, Нұрбала Ескелдина:
«Біз қазір көбінесе синтездеуден өткен, химиялық қоспалары көп тағамдармен ауқаттануға әуеспіз. Білесіздер, қазір біраз қауым рухани тазалықтан ада болып барады. Әйелдер арасында жасанды түсік жасату, адамдардың бір-біріне озбырлық жасауы, алауыздық көбейіп кетті. Міне, осының дені адамдардың харам аспен тамақтануына тікелей қатысты. Харам тамақты жеген адамның бойында қорқыныш болмайды. Харам тамақтың құрамындағы нәрсе адам ағзасына қоса сіңеді де, адамның мінез-құлқы бұзылады. Бұған қоса қазірде халал өнім деп саудаға шығарылған өнімдер мен тұтыну заттарының өзі сапасын тексеру барысынды жалған болып шығады. Сондықтан алдымен сапа стандартын қадағалауға, бақылауға мән берген жөн»,-деді.
Ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 2000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Қазіргі таңда бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған.
Естеріңізде болсын, ең көп будандастырылғандар – қызанақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп. Былайша айтқанда халық ең көп тұтынатын заттар. Сондай-ақ құс өсіруші фермерлер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға береді. Қандасының етін жеп үйренген «каннибал» тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп те қоюға бар. Бұл үрдіс қазір тауық фермаларында үйреншікті жағдай. Бұған қатысты отандық ғалымдардың біразы «малға тірі ағзаның гені будандастырылып дайындалған азықты беруге болмайды. Соңғы жылдары пайда болған мал ауруының көбеюіне себеп осыдан» деп отыр. Бұл ретте цитогенетик ғалым Бақытжан Молдабаев «жалпы, будан өнімдерге қатысты қазірде бірқатар елдер заң талабын күшейтіп, барынша мұндай өнімдерден тазаруға тырысып-ақ жатыр.   Сондай-ақ мұндай таза жолмен алынған өнімнің құны да анағұрлым жоғары. Мысалы, АҚШ-та ешқандай вегетарианша және гармон егілмеген сиырдың бүйрегі ғана 100-150 АҚШ долларына бағаланады; бұзау етінің 1 келісі 180 АҚШ доллары тұрса, Австралияда 100 пайыз будансыз көкөністердің құны 50-70 АҚШ доллары аралығында. Сапасына қарай бағасы екенін ескерген елдерде осылайша будансыз, таза табиғи жолмен өндірілген өнім құны да аспандап тұр»,- дейді.  

Мысалы, қазір Қытайда  түрлі вирустардың өршіп тұрған кезі. Сонымен қатар, аталмыш елде азық-түлік өнімдерінен болатын аллергиялар да күрт өскен. Осыған байланысты мамандар «Қытай 3 млрд халқын аш қардырмау мақсатында түрлі әдістерді пайдаланып,  бақа-шаяннан бөлек, синтездеуден өткен өнімдерді көп тұтынад. Ал мұның жемісі бірден білінбейді. Адамзаттың бойында түрлі аурулар арқылы көрініп, ұзақ жылдар бойы сақтала келе генін өзгеріске ұшыратады. Және табиғи өнімдерге қарағанда, бұлардың бағасы арзанырақ болғандықтан халық жаппай сатып алады. Осылайша ол тез таралады. Сондықтан тез арада оған тыйым салу керекпіз» деседі.
«Әлемдегі тамақ тапшылығын шешу үшін басын тасқа да, тауға да ұрған ғалымдар жоқтан бар жасап, трансген, гендік модификацияға ұшыраған тағамдар түрін ойлап тапты. Тіпті бүгінде балалар тағамдарының басым бөлігі трансген өнімдер. Ол мұның арты күні ертең ұрпақ денсаулығына кері ықпал етпесіне кім кепіл. Бұл бір ғана тамақ өндірісіне қатысты. Ал гендік инженерияның қаншама саласы бар. Осыған орай айтарым, гендік инженерия қызметін жетілдіруге қатысты арнайы заң қабылдануы қажет. Біз қазір баларымызда денсаулық жоқ. Сәл нәрсеге ауырып қалады дейміз. Мұның барлығы сол трансген, ГМО-қосылған өнімдерді көп тұтынғандықтан. Сондықтан бізге осы  мәселені басы ашық күйінде қалдырмау үшін арнайы заң қабылдап, қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Қытайды құртып отырған харам ас екенін есте сақтаған жөн»,-деп отыр ғалым, Нұрбала Ескелдина.

Қарлығаш Зарыққанқызы,

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер