Сұлтан Зауырбек көктемде Джошуамен бірге жаттығады

2981
Adyrna.kz Telegram

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Сұлтан Зауырбектің (9-0, 6 КО) бапкері Анхель Фернандес  боксшының чемпиондық титулы үшін қашан жұдырықтасатынын айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

«Қазақстанда болашағы үлкен әуесқой боксшылар көп. Бұл ел таланттарға бай. Маған Қазақстан қатты ұнады. Өзіндік аура мен атмосферасы бар. Қазақстандағы бокс кешінде болғанымда, боксты сондай сүйетіндерін байқадым.

Зауырбек туралы айтсақ, ол тамаша формада. Оның жақсы қасиеттері бар. Қазір толыққанды жаттығып жатыр. Көктемде Джошуамен бірге жаттығуды жоспарлап отырмыз. Сұлтан өз салмағында жетістіктерге жетуге тырысады. Бір-екі жылда чемпиондық жекпе-жекке шыға аламыз. Оның ілгерлеп келе жатқаны байқалады және ол жаңа деңгейге өтуде. Келешекте биіктерді бағындыратынына сенімдімін. Дегенмен алға көз салмайық. Бастысы, оның ынтасы бар», – дейді маман.

Пікірлер