Әйгілі тарихшы Юваль Ной Харари: Адамды керек қылмайтын дәуір жақындап келеді

6309
Adyrna.kz Telegram

Әлемдік тәртіп қазір барлығы бірге тұратын, бірақ ешкім жөндеу жұмыстарын жүргізбейтін үйге ұқсайды. Ол үй тағы бірнеше жыл тұруы мүмкін, бірақ егер біз сол қарқында қала берсек, біз «джунгли» заманына қайта ораламыз.

ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында адамзат қазіргі уақытта шешімін табу қиынға соғатын көптеген проблемалар мен мәселелерге кезігеді. Мен адамзаттың  өмір сүруіне қауіп төндіретін проблемаларға назар салғым келеді. Бұлар – ядролық соғыс, экологиялық құлдырау және технологиялық серпіліс. Ядролық соғыс пен экологиялық күйреуі – бізге бұрыннан таныс қауіп түрлері, сондықтан мен біз үшін неғұрлым бейтаныс болып келетін технологиялық серпілістен туындайтын қауіп-қатер туралы түсіндіріп өтейін. Біз болашақ технологиялардың пайдасы туралы көп естиміз, және де бұл – әрине, дұрыс, бірақ олар, сонымен бірге, адам қоғамындағы теңгерімді бұзып, адам өмірінің мәнін әртүрлі жолмен өзгерте алады – оған әлемде пайдасыз таптың құрылуынан бастап, отаршылдық пен цифрлық диктатураның пайда болуына дейінгі жағдайларды жатқызуға болады.

  1. Қажетсіз тап. Әуелі біз әлеуметтік және экономикалық деңгейдегі күйзелістермен қақтығысуымыз мүмкін. Автоматтандыру процесі жақын арада миллиондаған жұмыс орындарын жойып жібереді. Ал жаңа жұмыс орындары үшін (олардың міндетті түрде ашылатыны сөзсіз) адамдардың қажетті білім мен дағдыны уақытылы жинай алатындығына ешқандай кепілдік жоқ.

Мәселен, сіз – 50 жастағы жүк көлігінің жүргізушісісіз, бірақ бақылаушысыз басқару жүйесінің кесірінен жұмыстан айырыласыз. Десе де жаңа жұмысқа тұру нұсқалары да бар – мысалы, бағдарламалық жасақтама әзірлеу немесе инженерлерге йога үйрету. Алайда 50 жастағы жүк көлігі жүргізушісі қалай өзін бағдарламалық жасақтама жасаушысы немесе йога мұғалімі ретінде өзін қалыптастырмақ? Мұны адамдарға бір рет емес, қайта-қайта жасау керек, өйткені автоматтандыру революциясы кейін еңбек нарығы қайта орнығып, тепе-теңдікке жағдайына оралатын бір реттік оқиға емес.

Жасанды интеллект өз мүмкіндігін әлі толық таппағандығын ескерсек, бізді сарқылмас үлкен өзгерістер күтіп тұрған шығар. Жұмыс орындары жойылып, жаңалары пайда болады, бірақ содан кейін бұл жұмыс орындары да өзгеріп, жойыла түседі. Егер бұрын адамдар қанаумен күрескен болса, ХХІ ғасырда олар қажет емес заттармен шынымен күресетін болады. Қаналғаннан гөрі қажетсіз болу одан бетер жаман. Бұл күресте жеңгендер пайдасыз таптың қатарына қосылады. Бұл адамдар, әрине, отбасы мен достарының алдында емес, экономикалық және саяси жүйе тұрғысынан пайдасыз болады. Пайдасыз тап өкілдері өсіп келе жатқан қуатты элиталы таптан шеттетілетін болады.

  1. Теңсіздік және мәліметтер колониялары. Жасанды интеллект (ЖИ) революциясы тек таптар арасында ғана емес, сонымен қатар елдер арасындағы теңсіздікті тудыруы мүмкін. ХІХ ғасырда Ұлыбритания мен Жапония сияқты бірнеше мемлекеттер индустриалды тұрғыдан бірінші болып дамыды, бұл оларға басқа елдерді жаулап алуға және пайдаланып қанауға мүмкіндік берді. Егер біз «ақырын жүріп, анық баспасақ», ХХІ ғасырда дәл осындай жағдай біздің басымызға ЖИ арқасында түседі.

Адамзат қазірдің өзінде жетекші позициялардағы АҚШ пен Қытай иеленіп отырған ЖИ саласының қарулану бәйгесінің ортасында тұр, ал көптеген елдер әлі де артта қалып отыр. Егер біз арамыздағы ЖИ-тің пайдасы мен күшін бөлістіру үшін шаралар қолданбасақ, онда бірнеше технологиялық орталықтарға шексіз байлық әкеліп, ал басқа елдер банкротқа ұшырап, қанау колонияларына айналуы болуы мүмкін.

Бұл жерде роботтар адамдарға қарсы бүлік шығаратын ғылыми фантастика кітаптарынан шыққан сценарий туралы айтылып жатқан жоқ. Әлемдік тепе-теңдікті бұзуға әлі жететін әлдеқайда қарапайым ЖИ туралы айтып отырмыз.

Калифорнияда Мексикаға қарағанда маталар немесе автомобильдер шығару арзандайтын болса, дамушы елдер экономикасы не болатынын ойлап көріңізші. Егер 20 жылдан кейін Сан-Францискода немесе Бейжіңде бір адам әрбір саясаткердің, соттың және журналистің бүкіл медициналық және жеке тарихы, оның ішінде махаббат оқиғасы, психологиялық әлсіздігі және коррупциялық әрекеттері туралы білетін болса, сіздің еліңіздің саясаты қандай жағдайға душар болмақ? Мұндай ел тәуелсіз болып қала ала ма, әлде ол ақпараттар отарына айнала ма? Қолыңызда жеткілікті ақпарат болғанда, елді басқару үшін онда әскер жіберудің қажеті жоқ.

  1. Сандық диктатура. Бізге төніп тұрған тағы бір қауіп-қатер – барлығымызды үздіксіз бақылап тұрған сандық диктатураның өсуі. Менің пікірімше, бұл қауіпті ХХІ ғасырдағы өмірді анықтайтын қарапайым формула түрінде сипаттауға болады: Б x Е x А = АБМ (Б х В х Д=ВХЧ). Онда «Б» биологиялық білімді білдіреді, «Е» есептеу қуатын, ал «А» - ақпаратты білдіреді. Көбейтіндінің мәні«АБМ» болады – бұл адамзатты бұзу мүмкіндігі («ВХЧ» — возможность хакнуть человечество). Егер сіздің биология, есептеу қуаты мен деректер туралы біліміңіз жеткілікті болса, сіз менің денемді, миымды және бүкіл өмірімді бұза аласыз, сіз тіпті мені өзімнен де жақсы білетін боласыз. Сіз менің жеке тұлғалық типімді, менің саяси көзқарастарымды, жыныстық қалауларымды, психикамның әлсіз тұстарын, қорқыныштарым мен сенімдерім туралы біле аласыз.

Бізді өзімізден жақсы түсінетін бұл жүйе біздің сезімімізді, шешімдерімізді болжай алады және біз үшін шешім қабылдай алады. Өткен тарихтың көптеген тирандар (зұлым билеушілер) мен үкіметшілер осы туралы армандаған, бірақ олардың миллиондаған адамдарды «бұзу» (хакнуть) үшін жоғарыда аталған білім, қуат пен деректер жетіспеген. Бұл Гестапоның да, МҚК-ның да қолынан келген емес. Бірақ көп ұзамай кейбір корпорациялар мен үкіметтер адамзатқа жүйелі түрде зиян келтіре алады.

Біздің енді жұмбақ жандар емес, «бұзуға» болатын жануарлар екендігімізге үйрене беруге болады. Адамдарды бұзу қабілеті, әрине, пайдалы мақсатта жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, денсаулық сақтау саласында. Бірақ мұндай билік ХХІ ғасыр Сталинінің қолына түссе – әлемде бұл рөлді алғысы келетіндер жеткілікті – нәтижесінде адамзат тарихындағы ең қатаң тоталитарлық режим болады. 20 жылдан кейінгі Солтүстік Кореяны елестетіп көріңізші: барлық адам қысымын, жүрек соғысын, ми жұмысын үнемі қадағалап отыратын биометриялық білезік тағуға мәжбүр болады. Егер сіз билігі мол көшбасшының сөзін тыңдап отырып, ашулы болсаңыз, бірақ сол мезетте күлімсіреп, қол шапалақтасаңыз, бұл туралы билік біліп отырады және сізді келесі күні таңертең ГУЛАГ сияқты орынға айдап жіберуі де мүмкін.

Егер толық бақылаудың осындай режимдері болатын болса, кімде-кімнің қауіпсіздікте қалатынын ойлап та керек емес. Сталиндік кезеңдегі КСРО-ның билігі басқаларына қарағанда коммунистік элитаны қадағалады. Толық бақылаудың болашақ режимдері осыған ұқсас болады – иерархиядағы позицияңыз неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сізді қатаң бақылайды. Сіз бас директорыңыздың немесе президенттің олар туралы шынымен не ойлайтынын білгіңіз келеді ме? Сол себепті де бүкіл адамзат, оның ішінде элиталы тап та осындай цифрлық диктатураның пайда болуына жол бермеуге мүдделі. [...]

Сандық диктатураның пайда болуын болдырмаған күннің өзінде, адамдарды бұзу мүмкіндігі адам бостандығы туралы жалпы ұғымды өзгертіп жібере алады. Шешімдер қабылдауда біз ЖИ-ке көбірек сенген сайын, билік соғұрлым алгоритмдерге ауысады.

Бұл қазірдің өзінде болып жатқан дүние: бүгін миллиардтаған адамдар жаңалықтарды Facebook арқылы біліп отыр, Google алгоритмі келтірген ақпараттың шынайылығына сенеді. Енді Netflix сіз іздейтін нәрсені шешеді, ал Amazon және Alibaba/Aliexpress алгоритмдері сіздің не сатып алатындығыңыз туралы шешім қабылдайды. Жақын арада ұқсас алгоритмдер сізге жұмыс немесе серіктес таңдай алады, олар сізге несие бере ме, орталық банк пайыздық мөлшерлемені көтере ме – осының баплығына қатысты шешімді сіз үшін қабылдайтын болады. Ал егер неліктен сізге несие берілмегенін немесе банк пайыздық мөлшерлемені неге көтермегенін сұрайтын болсаңыз, жауап бірден мынадай болады: «компьютер жоқ» деді. Адам миының мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, білім, өңдеу қуаты мен деректер жетіспегендіктен, олар компьютерлік шешімдерді түсінбейді.

Сондықтан, еркін елдерде де адамдар өз өмірлерін бақылауды жоғалтып, мемлекеттік саясатты түсінуді доғаратын сияқты. Қазірдің өзінде, шамамен 1% адамдар ғана қаржылық жүйені түсінеді. Бірнеше онжылдықта бұл пайыз нөлге тең болады.

  1. Философиялық дағдарыс. Біз, адамдар, өмірді шешім қабылдаудағы драма ретінде қарастыруға дағдыланғанбыз. Егер көптеген шешімдер алгоритмдермен қабылданатын болса, адам өмірінің мәні не болады? Бізде мұндай болмысты түсінудің философиялық үлгілері де жоқ!

Философтар мен саясаткерлер арасындағы қарапайым пікірталас бұрын былай болған: философтар көптеген фантастикалық идеялармен бөліседі, ал саясаткерлер бұл идеяларды өмірге енгізу үшін қаражат жетіспейтінін сабырмен түсіндіретін. Қазір біз керісінше жағдайдамыз, біз философиялық банкроттың алдында тұрмыз. Егіз революциялар – ақпараттық- және био-технологиялар – саясаткерлер мен кәсіпкерлерге тозақ немесе жұмақ құруға мүмкіндік берді, ал философтарға жаңа жұмақтың немесе тозақтың қалай көрінетіні туралы тұжырымдама жасау қиын, демек, бұл – өте қауіпті жағдай.

Егер біз жаңа жұмақ туралы идеяны уақытында түсінбесек, бізді қарапайым утопиялардың өзі адастыруы мүмкін. Егер жаңа тозақты тұжырымдау мүмкін болмаса, біз одан кетуге ешқандай мүмкіндік болмай, өзімізді қамап қоямыз.

  1. Жүйелі ой. Алдағы онжылдықта технология экономика, саясат пен философияны ғана емес, сонымен бірге, биологияны да өзгерте алады. ЖИ және биотехнология бізге үлкен мүмкіндіктер береді, біз тіпті өмірдің жаңа формаларын қалыптастыра аламыз. Табиғи сұрыптау арқылы органикалық тіршілікті 4 миллиард жыл бойына қалыптастырғаннан кейін, біз бейорганикалық тіршілік жүйелі оймен қалыптасатын жаңа дәуірдің табалдырығын аттағалы тұрмыз. Біздің жүйеді ойымыз эволюцияның жаңа қозғаушы күші болады.

Сондықтан, құдайдың күшіне ұқсас жаратылыс күштерін қолдана отырып, біз бүкіләлемдік деңгейдегі қателіктер жасауымыз мүмкін. Үкіметтер мен корпорациялар зияткерлік пен тәртіп сияқты адами дағдыларды жетілдіру үшін технологияны қолданып, жанашырлық, көркемдік сезімталдық және руханият сияқты басқа адами қабілеттерді ескермеуі де мүмкін. Нәтижесінде өте ақылды және тәртіпті адамдардың нәсілі құрылып, бірақ олар жанашырлық, шығармашылық және рухани тереңдікке ие болмауы да мүмкін.

Әрине, бұл сәуегейлік емес, жай ғана болашақта болуы мүмкін жайт. Технологияны пайдаланылуын алдын-ала анықтау мүмкін емес. ХХ ғасырда адамдар индустриялық революция технологиясын әртүрлі қоғамдар құру үшін қолданды – фашистік диктатура, коммунистік режим, либералды демократия – ХХІ ғасырда дәл осындай болады. ЖИ пен биотехнология әлемді өзгертетіні сөзсіз, бірақ біз оларды әртүрлі қоғамдар құру үшін қолдана аламыз.

Дүниежүзілік ынтымақтастық. Егер мен айтқан нәрселерден қорқатын болсаңыз, сіз бір нәрсе жасай аласыз, бірақ шынымен тиімді нәтиже үшін бізге жаһандық ынтымақтастық қажет.

Біз атап өткен үш экзистенциалдық проблема – бұл әлемдік шешімді талап ететін әлемдік проблемалар. Кез-келген көшбасшы «менің елім – ең алдымен» деп айтқан кезде, біз бұл көшбасшыға ел өздігінен ядролық соғыстың алдын ала алмайтынын немесе экологиялық құлдырауды тоқтата алмайтынын ескертуіміз керек. ЖИ жпен биоинженерия қызметін өздігінен реттей алатын мемлекет жоқ. Кез-келген ел: «Ей, біз киллер роботтарын жасағымыз немесе нәрестелердің гендік инженериясымен айналысқымыз келмейді, біз – жақсы адамдармыз! Бірақ біздің дұшпандарымыз емес, оларға сенуге болмайды, мүмкін олар солай жасайды, сондықтан біз бірінші болып жасаймыз» деп ойлауы мүмкін. Егер біз осындай қарулану жарысының ЖИ және биоинженерия сияқты салаларда өтуіне жол берсек, онда кім жеңетіні маңызды емес, өйткені түбінде адамзат жеңіліске ұшырайды.

Өкінішке орай, әлемдік ынтымақтастық бұрынғыдан көбірек қажет болған кезде, кейбір қуатты елдер мен әлемдік көшбасшылар қазірдің өзінде оған қарсы тұруда. АҚШ президенті Дональд Трамп сияқты жетекшілер бізге ұлтшылдық пен глобализмнің арасында қайшылық бар екенін айтады, сондықтан сіз ұлтшылдықты таңдауыңыз керек, бірақ бұл қауіпі жоғары қателік! Ұлтшылдық пен глобализм арасында ешқандай қайшылық жоқ, өйткені ұлтшылдық дегеніміз шетелдіктерді жек көру деген сөз емес. Ұлтшылдық дегеніміз – өз отандастарына деген сүйіспеншілік, ал ХХІ ғасырда өз отандастарының қауіпсіздігін қорғау үшін шетелдіктермен ынтымақтастық қажет.

ХХІ ғасырдың үлгілі ұлтшылы да глобалист болуы керек. Глобализм дегеніміз – жаһандық үкіметті құру, барлық танымал дәстүрлерден бас тарту немесе шексіз мигранттар үшін шекараларды ашу емес. Глобализм – кейбір жаһандық ережелерге бағыну. Әр ұлттың бірегейлігін дәлелдейтін ережелерге – тек олардың арасындағы қатынасты реттейтін ережелерге бағыну деген сөз. Әлем чемпионатын үлгі етуге болады. Бұл адамдар ұлттық құрамасы үшін жанкүйерлік ететін елдер арасындағы жарыс, бірақ сонымен бірге, бұл әлемдегі үйлесімділіктің керемет үлгісі. Франция мен Хорватия бірдей ойын ережелерімен келіспесе, онда бұл елдер бір-бірімен матч ойнай алмайды. Бұл глобализмнің үлгісі, егер сізге футболдан Әлем чемпионаты ұнаса – сіз қазірдің өзінде глобалистсіз.

Мен елдер тек футболда ғана емес, сонымен бірге, экологиялық құлдыраудың алдын-алу, қауіпті технологияларды бақылау және әлемдік теңсіздікті азайтуға қатысты ортақ ережелерге бағынатын кезеңге де жетеді үміттенемін. ЖИ Американдық бағдарламалық жасақтама жасаушыларына ғана емес, Мексикадағы тоқыма жұмысшыларына да пайдалы екеніне көз жеткізу керек. Әрине, бұл футболға қарағанда әлдеқайда күрделі, бірақ мүмкін емес нәрсе жоқ, өйткені біз мүмкін емес нәрсеге жеттік. Біз бүкіл тарихымызда өмір сүрген қауіпті джунглиден құтылдық.

«Джунгли» заңы. Мыңдаған жылдар бойы адамдар «Джунгли» заңына сәйкес соғыс жағдайында өмір сүрді. «Джунгли» заңы бойынша, келесі жылы кез-келген екі көрші ел арасында соғыс басталуы ықтимал деп мәлімделеді. Бейбітшілік тек соғыс болмаған уақытша кезеңді білдірді. Бейбітшілік жағдайы, мысалы, Афина мен Спарта немесе Франция мен Германия арасында болған кезде, бұл енді олар соғыспайды, бірақ келесі жылы соғысулары мүмкін дегенді білдірген.

Мыңдаған жылдар бойы адамдар бұдан құтылу мүмкін емес деп ойлады, бірақ соңғы бірнеше онжылдықта адамзат мүмкін емес нәрсені істей алды – заңды бұзып, «джунглиден» құтылды. Біз көптеген кемшіліктерге қарамастан, адамзат тарихындағы ең гүлденген және бейбіт дәуірге енуге мүмкіндік беретін ережелерге негізделген либералды әлемдік тәртіпті құрдық. «Бейбітшілік» сөзінің түсінігі өзгерді, енді бұл уақытша соғыстың болмауы емес, оның мүмкін еместігін білдіреді.

Қазір әлемде келесі жылы бір-бірімен соғысатындықтарын елестету мүмкін емес көптеген елдер бар. Мысалы, Франция мен Германия. Әлемнің кейбір аймақтарында, әрине, соғыс жүріп жатыр, бірақ бұл әлемдік көріністі бұрмаламауы керек. Енді соғыс кезінде суицидке қарағанда аз өлім орын алады, ал оқ дәрісі қанттан гөрі неғұрлым қауіпсіз саналады. Ерекше жағдайдағы Ресей сияқты елдерді санамағанда, көптеген елдер көршілерін жаулап алуды немесе аннексиялауды армандай бермейді, сондықтан көптеген елдер қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 2%-ын ғана жұмсап, білім мен денсаулыққа көп қаржы жұмсай алады.

Бұл – «джунгли» емес. Өкінішке қарай, біз осы ғажап жағдайға әбден үйренгеніміз соншалық, біз оны міндет ретінде қабылдайтын болдық, демек – біз бұған бейқам, жайбарақат қараймыз. Мемлекеттер әлсіз дүниежүзілік тәртіпті нығайту үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасаудың орнына, оған мән бермейді және тіпті оған қарсы әрекет жасайды.

Әлемдік тәртіп қазір барлығы бірге тұратын, бірақ ешкім жөндеу жұмыстарын жүргізбейтін үйге ұқсайды. Ол үй тағы бірнеше жыл тұруы мүмкін, бірақ егер біз сол қарқында ұала берсек, біз «джунгли» заманына қайта ораламыз.

Мұның не екенін ұмытып кеттік, бірақ маған тарихшы ретінде сеніңіз, сіз ондайға оралғыңыз келмейді. Онда сіз ойлағаннан да жаман. Иә, біздің түрлеріміз осы «джунглида» дамып, тіпті мыңдаған жылдар бойы гүлденді, бірақ онда ХХІ ғасырдың жаңа технологияларымен оралғаннан кейін, біз өзімізді құртуымыз мүмкін. Әрине, біз жоғалып кетсек те, ақырзаман болмайды. Біздің орнымызға басқа тіршілік иесі келуі мүмкін, мысалы егеуқұйрықтар, уақыт өте келе өркениетті қалпына келтіре алады. Мүмкін, сол кезде егеуқұйрықтар біздің қателіктерімізден сабақ алады, бірақ мен егеуқұйрықтарға емес, әлемдік көшбасшылардың үмітіне сенемін.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер