Президент Мұхтар Мағауинге жеделхат жолдады

5187
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, қабырғалы қаламгер Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін арнап, жеделхат жолдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы жазушының әдебиет пен ғылымдағы еңбегін ерекше атап өтті.

Сіз көрнекті жазушы әрі зерделі зерттеуші ретінде төл әдебиетіміздің дамуына зор үлес қостыңыз. Қаламыңыздан туған әр шығармаңызда ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапты. Хандық дәуірдегі ақын-жырауларымыздың мол мұрасын жаңғыртқан "Қобыз сарыны" атты ғылыми еңбегіңіз сөз өнерінің тұғырын одан әрі биіктете түсті. Әйгілі "Аласапыран" романы бүгінде әдебиетіміз бен тарихымыздың қымбат қазынасына айналды. Тартымды туындыларыңыз арқылы қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келесіз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, "Ұлтты ұйыстыру және тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы еселі еңбегіңіз – өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Әрдайым мерейіңіз үстем болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін!" – делінген жеделхатта.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер