Тәжвирус: Қытайдан инвесторлар қашып жатыр

3883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/aaaaa-2.jpg
Бүгін таңертеңгі саудаға Қытайдың қор биржаларындағы акциялардың құны 8-10 пайызға құнсызданды. Соңғы рет Қытай биржаларында сауда-саттық 23 қаңтарда Қытай Жаңа жылының   алдында өткізілген болатын,-деп хабарлайды РИА Новости. Бүгін Шанхай қор биржасының негізгі индексі Shanghai Composite 09.37 (4.37 мск) 8,07% - ға-2736,28 пунктке дейін, Шэньчжэнь Shenzhen Component 8,54% - ға-9769,91 пунктке дейін құлады. Қытайдың даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің мамандары тәжвирусының өршуі ұлттық экономикаға теріс әсер ететінін мойындады. Сондай-ақ аталмыш инстацияның мәлімдеуінше, қазірде Қытай экономикасына инвесторлар күдікпен қарай бастаған. Соңғы екі аптада Қытайдың өнеркәсіптік, өндірістік салаларына салына бастаған инвестиция көлемі де 18 пайызға азайған.
Комментарии