Қытайда дәрігерлер билікке қарсы ереуілге шықты

2620
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің currenttime.tv  арнасы хабарлап отырғандай, Қытайдағы Гонконг арнайы әкімшілік аумағында  дәрігерлер билікке қарсы наразылық акциясына шықты. Дәрігерлер Қытаймен шекараны уақытша емес, толық жабуды талап етуде. 

11 миллион халқы бар Ухан қаласы қазір толықтай карантинге жабылған. Қытай билігі жалпыұлттық қауіпсіздік шараларын енгізді. Гонконгта шекарадағы өткізу пункттерінің жартысы жабық. Бірақ жергілікті дәрігерлер  кешелі бері шекараның толық жабылуын талап етіп, бес күндік ереуілге шықты.

Ереуілді ұйымдастырған Гонконг кәсіподақ мүшелері екенін айта кету керек. Бұған байланысты Кәсіподақ жетекшісі Винни Ю: «Егер үкімет тез әрекет етіп, шекараны жауып тастаса, Гонконгта халық арасында вирустың өршуіне жол бермеуге болады. Біздің одақ мүшелерінің көпшілігі биліктің баяу реакциясына наразы», ​​- деді.

"Қосымша қауіпсіздік шараларын көрші елдер де енгізіп жатыр. Ертеңнен бастап шетелдіктер Ресейден Қытайға кіре алмайды. Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан, Ресей вирустың бұл түрін аса қауіпті аурулар тізіміне енгізді",- деді ол.

 

Пікірлер