Қордайдағы қақтығыста зардап шеккен ақсақал жағдайын айтты

3366
Adyrna.kz Telegram

Қордай ауданында болған оқиға салдарынан зардап шеккен қарт қазақстандықтардан "өш қаруын асынбауды" өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұраған.

"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - дейді Азамат Ерғали.

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Пікірлер