Фото: akorda.kz
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді.