Бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

4038
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Үш бала мен олардың анасы қаза болды, отағасы мен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 13 ақпан күні Астана-2 көшесіндегі үйде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-жәрдем қызметіне хабарлама сағат 17:42-де түскен.

«Оқиға орнына 3 жедел-жәрдем бригадасы жіберілді. Оларға «газдан улану» диагнозы қойылды. Анасы 39 жаста, балалар 14, 13 және 2 жаста. Өкінішке қарай, жедел-жәрдем қызметі бар кезде олардың көз жұмғаны анықталды», - делінген ақпаратта.

43 жастағы отағасы мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілген. «Қазір ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Ал 2011 жылы туған ұлы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатыр. Жағдайы – тұрақты, ауыр асқынулар жоқ. Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызмет

Пікірлер