Алматыдағы митинг (фото, видео)

17363

фото Аян Қалмұрат, "Азаттық"

Бүгін Алматыдағы "Астана" алаңын таңертеңнен полиция мен арнайы жасақ, ұлттық "Ұлан" қоршап тұрды. Демократиялық партия құрамын деп мәлімдеген Жанболат Мамайдың жақтастары жиналып, түнде қамауға алынып, үш тәулікке қамалған Жанболатты босатуды талап етті. Демпартияның жақтастары мен белсенділерін полиция бөліміне алып кетті. Жиырмадан астам адам қамауға алынды. Интернет осы аумақта бұғатталғандықтан тікелей эфирге шығу мүмкін болмады.

Түс ауа Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы мен оның лидері Мұхтар Әблязовтың Қазақстанның бірнеше аймағында жариялаған қарсылық акциялары басталды. Алаңға келген  жұртты арнайы жасақ тағы да  жасы үлкен-кіші, ер-әйел демей полиция бөлімдеріне тасыды. Мүгедектер арбасында отырған, өзін Оралданмын деген Ерік Жұмабаев есімді белсендіні мүгедектер арбасымен бірге жедел-жәрдемге салып әкетті. Алматыдағы ұсталғандар саны жүзден асады.

"Астана" алаңында полиция ғана тұр.

Павел Михеев, "Рейтер"

Аян Қалмұрат, "Азаттық"

 

Оңғар Қабден,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы