Ұлттық музейде Ұлыстың ұлы күні аталды

2256
Adyrna.kz Telegram

 Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге арналған «Наурыз-Думан» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, этнографтар қатысып, Ұлттық музейге жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Қонақтар ақындар айтысын тамашалап, музей қызметкерлерінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға қатысты. Сонымен қатар арнайы тігілген киіз үйдегі дастарханнан дәм татты.

Мерекелік іс-шара аясында ұлттық ойын түрлері ұлықталып, әз Наурыз мерекесінің атрибуты ретінде жасалған «Жолтерек» жобасының таныстырылымы өтті.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты – Амал мейрамын атап өту арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау болып табылады. 

 

Пікірлер