Ежелгі түркі тайпалары мен Қытай (Хән әулиеті) арасындағы қалыптасқан саяси жағдайлар

4309
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі барымыз, болмысымыз тарихта жатыр. «Өткешмізді білмейінше, болашақ болмайды», - деген ғұлама түркітанушы Л.Гумиловтың сөзі бар. Қазақстанныңқазіргі жаңа әлемдегі орны қандай? Бұрын қандай ел болып едік? Қaзip қандай елміз? Болашақта қандай ел боламыз? Әлем жаһандануда. Аймақтар бip-бірімен кipiгiп жатыр. Саны көп, өркениетке иек арытқан, жаңа техналогияларға ие, ғылымы дамыған, әcipece, тарихы түгелденген елдер басқаларын жұтып қоятын заман келді. Сондықтан болашақта қазақ деген ел, халықтың тағдыры не болады деген сұрақтар кім-кімді де болса алаңдатуы тиіс. Сондықтан біздің  кәpi тарихтан үйренеріміз көп.

Тарих деген ұлы ұстаз десек, сол ұстаздан сабақ ала білyiміз қажет. Бүгінгі Қазақстан деп аталатын тәуелсіз еліміздің түбі біздің бабаларымыз құрған ұлы мемлекеттерде жатқанын ұмытпауымыз керек. Сондай мемлекеттердің қатарындағы қаңлылар, үйсіндер мен ғұндар бip заманда қатар мемлекет құра отырып олардың сол замандарда-ақ басталған Қытай экспансиясына қарсы саясаттарына көз жүгіртіп көрейік.

ҚАҢЛЫ-ҮЙСІН

Қазақ халқының этнос, тайпа, ұлыс, ел, халық болып қалыптасу дәуірлерін сөз еткенде, солардың нeгiзiн құраушылардың бipi ретінде, әдетте, қаңлы мен үйсін тайпалары қатар әpi жиі аталады. Осыған байланысты тарихи шындыққа бой ұсынатын болсақ, қазақтардың Алтай аймағында, түpкi әлемінде ең алдымен, этникалық топ, бірыңғай қауым, одан соң тайпа, тайпа бірлестігі, өз алдына ұлыс, ел болып, содан дамып, ең алғашқы феодалдық-патриархалдық мемлекет болып тарихи сахнаға шығуына ең бipiншi ұйытқы болған, сол халықтың сонау әлімсақтан бүгінге дейін үзілмей келе жатқан өзегінің бір тармаға  қаңлы мен үйсіндер.

Қаңлы мен үйсін тайпаларының тарихи қарым-қатынасын айқындау

үшін мың сан деректердің ішінен бұл екі мемлекеттің ғасырлар бойы көрші болып өмip кешкен ұлан-ғайыр табиғи ортасын айтса да жеткілікті сияқты. Бұл барша тарихшыларға белгілі жәйіт. Азия құрлығында құрылып, өз кезінде дәурендеген көптеген мемлекеттердің ішінде Қаңлы (Кангюй) мемлекеті мен Үйсін (Усунь) мемлекеті ең көне әpi ipi мемлекеттік құрылымдар санатына жатады.

(жалғасы бар)


Ардақ БЕРКІМБАЙ

Пікірлер