"Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ"

2486
Adyrna.kz Telegram

2016 жылы, 20 сәуір күні, 19.00 «Адырна» қоры Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан "Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ" атты ән кешін өткізуді жоспарлап отыр.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2010 жылдан бері дәстүрлі ән-күй кештерін ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ, Біржан сал (2010), Ақан сері (2010), Мұхит (2011), Үкілі Ыбырай (2012), Жаяу Мұса (2013), Сәкен Сейфуллин (2014) әндерінен жеке-жеке концерттер, Тәуелсіздік жолында құрбан болған композиторлар шығармашылығы бойынша «Азат рухтың алдаспандары» (2012) концерті, жылқы туралы әндер мен күйлерге негізделген «Дүлдүл ән мен пырақ күй» (2014) атты концертін ұйымдастырған едік. «Ұлы дала дауылпаздары» жобасының аясында, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2016 жылы, 20 сәуір күні Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан дәстүрлі ән кешін өткізуді жоспарлап отыр. Концертте Балуан Шолақ өмірінен қысқаша қойылым көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, белгілі режиссер Есмұқан Обаевтың «Жаужүрек» спекталінен үзінді берілмек. Сахна көркем Көкшетаудың әсем табиғаты үлгісінде безендіріледі. Концерттің тағы бір басты ерекшелігі – Балуан Шолақ бабамыздың мүлде беймәлім әндері тұңғыш рет үлкен сахнада орындалатын болады. Ән кешіне Ғалым Мұхамедин, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Нұрханов, Талғат Мұқышев, Саян Ақмолда, Нұргүл Әкімқожина, Талғат Әбуғазы, «Арнау» фольклорлық ансамблі, Саят Нұрғазин, Жасұлан Сақаев және тағы басқа өнерпаздар қатысады. 


Байланыс: 
87007779086, adyrna@bk.ru

Ән кеші туралы сұхбат алуға ұйымдастырушы әншілер: 
Жоламан Құжиманов 87773661210
Ерлан Төлеутай 87013249471

 

Пікірлер