"Ресей мен Түркия соғысатын түрі бар"

4293
Adyrna.kz Telegram

Ресей мен Түркияның соғысатын түрі бар. Екі мемлекет Сириядағы ықпалын өсіргісі келеді. Ресей Сирияның басшылығын қолдаса, Түркия- оған қарсы. Сонымен бірге Ресей де, Түркияда радикалдық исламистермен соғысуда. Біз Ресеймен ОДКБ әскери-саяси ұжымында бармыз, ал жүрегіміз Түркиямен. Егерде біз әсери саяси әрекеттермен Түркияны қолдасақ, "сыныққа сылтау" таба алмай тұрған Ресей бізге қарсы әскери -саяси әрекет жасайды. Ресей бізге қарсы интервенция , немесе сепаратизм отын тұтату ықтимал. Түркияны АҚШ қолдап отыр. Түркия НАТОның мүшесі. Менің ойымша, Қазақстан басшылары ымырашылдық жол табуға тырысады. Алматы, не Астанада келіссөз жүргізуді ұсынады. Сонымен Қазақстан дипломаттары Ресей мен Түркияны татуластыру әрекеттеріне кіріседі.

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы

Пікірлер