«Гарант-24» ломбардының ұйымдастырушысы ұсталды

3000
Adyrna.kz Telegram

27 ақпан күні “Гарант-24” компаниясының жетекшісі ұсталды.Бұл туралы Рolisia.kz  хабарлады. Аслан Мызрабеков 21 қаңтар күні Ақтөбеден шығып, Орынборға барған. Кейін ары қарай Мәскеуге шығып кетіп, ол жақтан Кишиневке пойызбен жеткен.

Хабарламада: Қазақстанның арнайы сұрауы бойынша, молдавалық полицейлер Мырзабековты қолға түсірген. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау жөнінде шешімдер қабылданып жатыр, - делінген.

29 ақпан күні Ақтөбе облысы Полиция департаменті «Выгодный займ» ЖШС-ның жетекшісі Ж.Т.Есіркеповті ұстаған болатын.

Пікірлер