Ерте Түркі мемлекеттілігіндегі дүниетаным негіздері

2530
Adyrna.kz Telegram

Зерттешілердің пайымдауынша, «дүниетаным» дегеніміз - әлеуметтік субъекті, яғни қоғамның өзін-өзі тануға  талпынысы  немесе өзін-өзі тану формасы.  Дүниетаным ұжымдық көзқарас пен адамның жеке тәжірибесі мен пайымдауы емес. Әрине, дәстүрлі қоғамдардағы дүниетаным мазмұнын қалыптастыруда ерекше социомәдени статуска ие адамдар идеялар жасаушылар болды. Бipaқ, олардың қабілеттері социум дүниетанымы тек егер қоғамның даму үрдісіне қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана байытты [2, 20-6].

Қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге байланысты дәстүрлі дүниетаным да трансформацияға ұшырайды. Мемлекеттік дәстурлері дүниетаныммен тығыз өрілген ортағасырлық түркі мемлекеттері үшін бұл eзгepicтің мемлекет пен халықтың тағдырын шешетіндей маңызы болды. Дегенмен, тарих доңғалағы тезірек айналған сайын осы ақиқат кемескі тартып, дүниетанымның өткенін түркі мемлекеттері үшін тарихи маңызы бізгe бұлыңғырлана түсті. Осының вершен біз тарихи оқиғаларды зерделегенде баяғы маңызды дүниетанымның қaзіpгi қым-қиғаш өміріміздің болар-болмас әдет-ғұрыптық жұрнағы ретінде ғана сақталған қалдығына қарап, оны көптеген тарихи мәселелердің өзегі ретінде қарастырудан тартындық.

Өкінішке орай, тек бiз ғана емес, жалпы қaзipгі адамзат ғасырлар бойы қоғам мен табиғаттың, адам мен мемлекеттің өзара үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп келген рухани күштер, онын ішінде жекелеген халықтардың ұлттық дүниетанымдары мен діндерін маңызды құндылықтар ретінде бағалауды доғарды.Ол адамзат дамуын тығырыққа тірертін өзге, алдамшы құндылықтардың көлеңкесінде калды.

Дегенмен, рационалды дамудың зардаптарын бірінші сезіне бастаған жиырмасыншы ғасырдың ойшылдары дәстүрлі дүниетанымның адамзат тарихындағы маңызын тани бастады. Осы орайда қазақ зерттеушісі А.Ғалиев: Біз егер жүйені қалпына келтірмесек, қазақ тарихын түсіне алмаймыз. Оны түсіну және қалпына келтіру өз кезегінде дәстүрлі дүниетанымды құраушы әртүрлі элементтерді түсінуге мүмкіндік береді», - деп, Отан тарихындағы дәстүрлі дүниетанымның орнын зерттеудің көкейтестілігiн дұрыс пайымдай білген [3,4-6].

Сөз жоқ дәстүрлі дүниетаным қай формада болмасын, көне замандардан бастап, Қазақ хандығының өciп-өркендеуіне дейінгі кезеңде Отан тарихында жан-жақты манызға ие болды.

Ғалымдар тарапынан түркілік сенімді мифологиялык дүниетанымға жатқызу арқылы осы бip күрделі діни жүйені адамзаттың ертедегі дүниетанымдық санасының қарабайыр, жабайы наным-сенімдерінің жиынтығы ретінде түсіндіріп келді. Егер діннің езін белгілі бip тарихи кезеңдерде адамзат қоғамының қалыптасып, дамуына езіндік ықпалы бар идеологиялык жүйе болды деп есептесек, онда түркі ceнiмi де осындай тарихи міндекттерді атқара білген сенім жүйесі болды. Бұл тұрғыда адамзат тарихының әртүрлі кезеңдерде Еуразияның көптеген мемлекеттерінде мемлекеттік-идеологиялық рөлге ие болған және болып та отырған ислам, христиан, будда, т.б. діндерден ешқандайда кeмшіндiгi болған жоқ.

Көне кезеңдерден ерте түркілік тайпалық-мемлекеттік құрылымдардың қарапайым түрлерінің құрылуынан бастап Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңіне дейінгі кезеңде дәл осы дүниетаным түркілердің мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуына ықпал еткен сенім-наным жүйесі болды. Ата-баба әруағына, табиғатқа тағзым, жан-жануарларды құрметтеу сияқты ұсақ, қосымша сенім элементтерінің ең басында жалғыз Жаратушыны мойындайтын сенім жүйесі тұрды. Түркі мемлекеттілігінің даму барысында түрлі тарихи кезеңдерді басынан өткерген бұл жүйе өзінің монотейстік сипаты мен ерекшелігіне қайшы келмейтін өзге келімсек, жат идеяларды қосып алып, күрделене, көмескілене түсті.

(Жалғасы бар)


Жомарт ЖЕҢІСҰЛЫ,

 тарих ғылымдарының кандидаты

Пікірлер