Абылайхан Жүсіпов ширек финалға өтті

2702
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Иорданияның Амман қаласында  өтіп жатқан лицензиялық турнирде 69 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов  алғашқы кездесуінде моңғол Мишилт Баттурмурдан басым түсті, деп хабарлайды adyrna.kz.

Есеп 5:0.  Шаршы алаңда еркін де сенімді өнер көрсеткен Абылайхан жекпе-жек барысында сенімді де ширақ қимылдап, Мишилт Баттурмурдың қабағын жарды. Төрешілер үшінші раундта кездесуді тоқтатты. ⠀

Ал, 69 келіде қыздар арасында алаңға шыққан Валентина Хальзова Сюён Чоннан басым түссе, 75 келіде Надежда Рябец  өзбек қызы Навбахор Хамидовадан үстем ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Пікірлер