Кенесарының табағы мен Абылайдың алты ағашы

2710
Adyrna.kz Telegram

Ақсу-Аюлыдағы тұратын үйі бірте-бірте мұражайға айналып бара жатқан жазушы Кəмел Жүністегінің жеке қорындағы қолөнер туындылары сыртқы сымбатымен ғана көз тартып қоймайды, сонымен қатар, олардың əрқайсысының тарихында тұнып тұрған ғажап сыр бар

ШОРТАНБАЙДЫҢ АСА ТАЯҒЫ

Əр адамның өзі құмартатын, əуестенетін, жаны қалаған кəсі- бімен шұғылданғаны қандай жақсы. Біздің артынан арнайы іздеп барып сəлем беруімізге қолөнер туындыларынан тұратын коллекциясы себепші болған Кəмел Жүністегі ағамызды туғалы бері сондай өзі сүйетін іспен ғана айналысатын адам ба деп қалдық. Бұрын сырттай кітаптары арқылы ғана таныс- білістігіміз болмаса, қаламгердің тарихи жəдігерлерді жинақтаушы этнографтығына қоса, айтулы кол- лекционер екенін осы жолы алғаш рет көріп-білуіміз. Мұнда көңілге шуақ себелеп, қуантатын сүйкімді өрнектерге молынан кезіктік. Соның бірі, Шортанбай жыраудың тұтынған таяғын айрықша атап өткен жөн. Талай тар жол, тайғақ кешулер ден мынадай сирек бұйым əсемдігіне сызат түсірмей қалай аман жеткен деген таңданыстан тарихи жəдігер құны биіктейді. К.Жүністегі ақын алақанының табы тиген осы бұйымды көздің қарашығындай мұқият сақтапты. Бояу-сырының өшпегеніне қара- саңыз, екі ғасырдан бергі затқа ұқсамайды, аса таяқтың өн бойына құйыла төгілген ою нақышы сон- дай ашық, жайдары… Асқан ше- берлікпен, эстетикалық талғаммен безендірілген ақын мұрасының жиегіндегі күміс жіптер күн көзі- мен шағылыса жарқырайды.

– Шортанбайды Семейге 2-3 рет апарып келген Əбу дейтін ат- қосшысы 90-нан асып барып қайтыс болды. Сұлбасы көз алдымда. Бойы екі метрге жу ық, еңгезердей дəу кісі еді. Сау сақ тары жуан əрі салалы болатын. Тамағымызға салқын тигізіп ауырып қалғанда, дəрігер жоқ, жаңағы кісі сала- лы саусағымен таңдайымызды басып емдегенде, ертесіне түк болмағандай аттай шауып кетер едік. Міне, мына тамаша таяқты сол кісінің ұрпақтарынан алдым, – деп коллекционер Шортанбайдың мұрасын қолымызға ұстата берген- де кенет бойымызды шоқ қарып өткендей шым еткізді. Мұндай да ғажайып қолөнер туын дысы бола ма деп қызықтық. Бекзаттығы мен тектілігін тая ғындағы талғаммен та- ныта алған қайран бабаларымыздың сол дəстүрін жалғастырып жүрген кейінгілерден адал ізбасарлары бар ма екен өзі деген ойдың басы қылтиды. Небəрі 63 жыл өмір сүрген арқалы ақын бұл таяққа қауқарсыздықтан, қарттықтан сүйенді деп кім айта алады… Шоқ- тығы биік Шортанбайдың ұр- пағына өсиеті жырынан ғана емес, тарихи көркем мұраларынан да Есілдей есіп тұрған бір ерен сырға қанығып қайттық.

АҚЫН АТЫ МҰРАЖАЙДАН НЕГЕ АЛЫНДЫ?

Бір əттеген-айы, аудандық мұражайға Шортанбайдың есімін беруді ұсынған 45 ардагердің хаты əлі күнге ащы ішектей со- зылып, орындалмай отыр. «1993 жылы Шортанбай жыраудың рес- публикалық дəрежеде 175 жыл- дық мерейтойын өткіздік. Рес- публикалық бүкіл газеттер, те- леарна өкілдері тегіс қа тыст ы. Мерейтойға Т.Кəкішев, С.Қи- рабаев бастаған бір топ ға- лымдар, М.Мағауин, С.Сматаев, А.Сейдімбек, Н.Оразалин, Ж.Қаш- қынов сынды 20-ға жуық таны- мал ақын-жазушылар, сондай-ақ Қ.Сұлтанов бастап Парламент өкілдері келді. Осы қарсаңда аудандық музейге Шортанбай жыраудың аты берілді. Ол туралы тиісті құжат əлі қолымызда бар. Бұл құжаттар əрі қарай бекітілу үшін облысқа, Алматыға жолданған. Бірақ, облыстың да, астананың да ауысуына байланысты сол жақтың тиісті шешімі шықпай қалды» деген өтініш иелері мұражайға Шортанбай   жырау атының қайтарылуын сұрап, əлі күнге жоғарыға елеңдеп жүр. Этнограф-жазушының айтуын- ша, Шортанбай мұраларына арналған бөлмеде ақынның мінген арбасы, өзі салдырған диірмені сақтаулы тұр. Жырау өмір сүрген дəуірден естелікке қалған қаншама тың жəдігерлердің өзі осыған сұранып тұрғандай көрінді. Ол аз десеңіз, мұражайдың і ш і н е а қ ы н н ы ң б ю с т і орнатылған. Тарихи тұлғаларды ардақтау кейінгінің парызы де- сек, ал енді Шортанбай сондай ұлықтауға лайық абыздың бірі екені кімге түсініксіз? Бір кездергі аудан басшылығы тарапынан жіберілген қа телікті жөндеуге бүгін не кедергі болып отыр? «Бұл мұражайға Шортанбайдың аты берілсе, тек бір ғана адамның мұраларымен шек теліп қаламыз, басқа тари- хи құндылықтарды қайда апарып қоямыз?» деген уəж оған толық жауап емес. Сəкен Сейфуллиннің Жаңаарқада, Астанада мұражайы бар. Біреуінде Сəкеннің екі-ақ мүлкі тұр, басқа заты жоқ. Демек, мұны себеп деу қисынсыз. Оны ауыл ардагерлері «Шортанбай мұражайы» деп аталсын деп отырған жоқ, «Шортанбай жыраудың атындағы мұражай» дейік дейді. Атындағы мұражай мен тікелей тұлғаның өзіне арналған мұражай дегеннің екеуі екі басқа ұғым беретінін олар неге түсінбейді?!

«Арқа деген құба жон,

Аядай біткен көл екен.

Атты кердең естірген,

Арқаның тарал шөбі екен…» – деп туған жерін жырлаған жарық тық Шортанбай бабаға бір мұражайдың атын берер- де неге темірдей қатая қалдық? Шортанбай Қанайұлының кіндік қаны Қарағанды облысының Шет ауданы, Жалпақсазда тамған екен, сүйегі де Ақсу-Аюлыдан бес-ақ шақырым жердегі жұрт бүгінде «Шортанбай басы» деп атап кеткен маңайда. Халқының жадына жарық күндей құйылған өнеге сəулесін ескіліктің қою бұлты қанша жер- ден тұмшалағанмен, жылдар үзе алмаған жыр сазының жарқ етіп атар арайлы таңына алаңсыз сеніп аттануымызға тура келді.

КЕНЕСАРЫ ЕТ ЖЕГЕН ТАБАҚ

Тарихи жəдігерлердің ішінен біздің назарымызды жарқыраған ағаш астау бірден аударды. Беті жылтыраған ет табақтың а с а ы қ т и я т п е н с а қ т а л ғ а н ы аңғарылады. Үй иесі осы ойы- мызды ұға қойып, ағаш табақты қолына абайлай ұстап, ақырын қабырғаға сүйеп қойды да: «Ал енді мына тарихи табақтың жа- нына келіп суретке түсіп алыңдар. Өздеріңнен кейінгілерге айтып жүрулерің үшін өте қызықты де- рек», деді. Əспеттеп, оған төрден орын сайлап, ардақтағандарына қарағанда тегін жəдігер бол- маса керек деген болжамымыз қателестірмеді.

«Осы өңірде аты тарихтан мəлім Жанғұтты деген би тұрды. Бұл кісі 1881-1882 жылдар шамасында қайтыс болған. Шортанбаймен қатар өмір сүрген. Содан 30- шы жылдары осы жақта кісі ату кезеңі басталғанда Жанғұттының немересі Қарғажан бір түнде елінен қашып шығуға бел буады. Өйтпесе, түп-тұқиянына дейін баудай қырылып қалғалы тұр. Оның алдында Хасен атты туысы атылып кетті. Содан менің немере əкем Көпжанға түн ішінде келіп: «Көпжеке, мына менің бабамның табағына сізден басқа ешкімнің ие бола алмасына көзім анық жетті», деп өз қолымен табыстайды. Ал енді: «Табақты Көпжанға не үшін берді?» деген сұрақ тумай ма.

Өйткені, Көпжан 1916 жылы Сібірде болған кісі. Сол себептен орысша мінсіз сөйлеген. Ұстамды, өте ақылды адам еді. Артық ауыз сөз айтпайтын, алда-жалда сөйлегісі келсе, бір-ақ ауыз сөзі түсінген кісіге жеткілікті еді, деген шежіреші əңгімесін əрмен қарай табақтың та- рихи мəніне қарай ойыстырды.

– Мына ғажапқа қараңыз, Дін- асыл дейтін қожа Кенесарының қол астында молдалық еткен. Хан Кене ұдайы осы ауылға ат басын бұрып, Дінасылдың үйіне түсетін болған. Сол маңайдағы Қарасу өзеніне шомылған. Кенесары суға түсіп, киініп жатқанда Дінасыл жұрттың көзін тигізбес үшін сыртынан пер- демен жауып тұратын көрінеді. Осыдан соң Жанғұтты, Қара де- ген мықтылардың бəрі Кенекемді кезек-кезек үйлеріне қонаққа шақырып құрмет көрсеткен. Сонда мына табақтан Кенесары да, Шортанбай да, осы өңірге мəлім сол кездегі абзалдарыңыздың бəрі де дəм татқан болып шықпай ма… Көпжанның Əлі дейтін жалғыз ұлы болатын. Əлі 50-ші жылдардың ортасына таман Көпжекеңнің ал- дында қайтыс болды. Сонан соң, 3-4 жылдан кейін əкесі өмірден озды. Бəйбішесі көз жұмды. Əлінің үйіндегі келін үш баламен қалды. Содан бұл табақты біреулер келіп алып кетеді. Тағы бір қызық дерек, Көпжекеңнің үйінде мына табақ тұрғанда немересі Ғазиз шетін сындырып қояды. Бірақ, Көпжекең жарылған тұсты өзі шегелеп, қайтадан бастапқы мінсіз қал- пына келтіреді. Жан- ғұттымен рулас адамдарға мен осы табақты талай рет ай- тып жүрдім. «Əй, Жанғұттыдан мынадай тамаша табақ қалған, ол кісі кезінде Кенесарымен дəмдес- тұздас бол ған кісі», табақ пəлен жерде тұр» деп, тіпті, қайда екенін айттым. Өкінішке қарай, ешкім селт етпеді. Жүректеріндегі оттың сөнгені сондай, баба ларының мұрасын айтуға қорқатын ұрпаққа несіне өкпелейсің бірақ. Сосын мен бір тайымды беріп, та бақты сатып алдым».

– Кенесары ет жеген табақты музейге тапсырмайсыз ба? – деп тарихи құнды бұйымды көпке ортақ қазына етудің қамымен сұрақ қойдық.

Коллекционер бұл заттар өмірінің мəні екенін айтты. «Мен кейде қазақ тілінде сөйлей ал- майтын, сөйлегісі келмейтін, төл əдебиетін оқымайтын, мəдениеті мен өнерін менсінбейтін жастар- ды көргенде көңілім құлазиды. Мұндайда жанымды жабырқатқан шемен шерді домбырамен баяулата əн салып тарқатамын. Кəдімгідей көңілім орныққан соң қолыма қалам-қағазымды алып, жұмысқа кірісемін. Мен осы қолөнер туын- дыларының арқасында тірі жүр- мін. Осылар маған рух береді, бұларсыз жүрегім əлдеқашан соғуын тоқтатқан болар еді» де- ген ардагер сөзі бізді терең ойға шомдырды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда адам түк бітірмей өмірден өтіп кете барады. Ал қарапайым ғана ауылдағы ұлт үшін ұшан-теңіз байлық жиған мынадай сирек тағдыр иесіне қарап тұрсаңыз, өмірінің бір минөті босқа өтпеген сияқты.

ШІДЕР

– Қазақтың атбегілік салт-дəс- түрі бойынша кісеннің үш түрі кездеседі, ал мынау төртінші түрі, – деп көрсетті Кəмел ағамыз. – Аттың аяғына салынатын кісенді кілтпен, қысқашпен ашады. Одан бөлек түртіп ашылатын түрі тағы бар. Ал мынау кілтсіз кісен делінеді. Бұл тек сиқырын, тілін білген кісінің ғана ебімен ашылады. Осыны жасаған өз қазағың. Керемет емес пе? – деп келесі жəдігерді қолына ұстап тұрып: «Мынаны шідер деп атай- ды», – деді шежіреші. Мұндай қолөнер туын дысын ешбір му- зейден кезіктірмейсіз. Мен де ғана бар, яғни жалғыз тал. Теріден жасалған өрім. Жалпы, жыл қыға тұтынатын кісеннің өзі түрлі атауға ие. Мысалы, алдыңғы екі аяққа салатынды тұсамыс, ал алдыңғы бір аяқ пен артқы бір аяққа байланса өре делінеді. Үш аяққа бірдей салынса, шідер дейді. Ғажап емес пе!» Сəл-пəл міні – мұны жасаған адамның аты-жөні белгісіз. Ел ішіндегі бір азамат тауып алып келіпті. Ол шебердің аты-жөнін қанша қиналса да еш есіне түсіре алмай қойыпты. Апыр-ай, содан бері зу- лап он бес жыл қалай өте шыққан. Осыны жасаған шебер тірі болса, қайда жүр екен?

АБЫЛАЙДЫҢ АЛТЫ АҒАШЫ

Көзге онша шалынбайтын елеусіздеу бұйымды алдымызға тосқанда ақсақал: «Мынаның не екенін білесіңдер ме?», – деп сұрады. Бірінші рет көріп тұрсақ, қайдан білейік. Бұл – Абылайдың алты ағашы деді.

«Он жеті жасымда Ұлытауға Едіге батырды іздеп бардым. Екі-үш қыз-жігіттер бір үйде отырғанбыз. Бір жас жігіт келді. Қалтасынан бір талдап ағаштарды алды да, сол жерде қызық ойын құрастырды. Сөйтті де: «Енді осы- ны бөліп бере аласыңдар ма?», деп аң-таң қарап отырған қыз- жігіттерге біртіндеп үлестірді. Олай тартып, былай ұстап миы- мызды қатырып отырғанда екі сағат зу ете қалды.

– Аша алмадық, бұл не нəрсе? – деп өзіміз қызығып сұрадық.

Ол: «Абылайдың алты ағашы дегеніміз, міне, осы болады», деді. «Қай Абылай?» деп жамыраған бізге: «Хан Абылай», деді. «Неге мұны ұстап жүрсің, мұның сыры неде?» деп бастырмалай жөнеліп едік, бейтаныс жігіт бізге Абы лай- дың қалмақтардың қолына түсіп қалған оқиғасын баяндап берді.

Абақтыда жатқаннан кейін қалмақтың ханына ол былай деп ай- тыпты дейді: «Мен бір жұмбақ ай- тайын сіздерге. Егер сол жұмбақты шешсеңдер, біз ешқайда қашып кетпейміз, өздерің босатқанша тырп етпейміз. Ал шеше алмайтын болсаңдар, бізді босатасыңдар». Қалмақ ханы сонда еліріп: «Қа- зақтың жұмбағын шеше алмай- тындай басымызға не күн туыпты, біз де ордалы елміз. Жұмбағыңды айт», депті. Сонда ертеңіне Абылай осы ағашты құрастырып алып келіпті. Жанында шонжарлары бар қалмақтың ханы миын олай ауыр- тып, былай шертіп, бірақ ақыры түйінді ағытуға дəрменсіздік та- нытады. «Содан хан жеңілгенін мойындап, сол жолы Абылайдың өзін емес, жанындағы жолдастарын босатқан екен», дейді тағы бірде қарт шежіре.

Бұл сонау 50-жылдардағы куə болған оқиғам. 2004 жылы осыны музейден іздедім. Онда- ғылар мұндай заттан бейхабар. «Абылайдың алты ағашын табың- дар», деп кеттім… Келесі жолы бар- сам, музейдегілер таптық деп қуа- нып отыр. «Қайдан таптыңдар?» десем, бір шалдың үйінде қирап, шашылып жатқан жерінен əке- ліпті. Соған қарап отырып арнайы дайындаттық депті. Мынаны кеп- пеген ағаштан жасаған, кепкен ағаштан қиыстырса арасынан саңылауы білінбейтін еді. Қап!» деді ардагер. Қалмақтың ханы сырын ұға алмаған Абылайдың алты ағашын біз де өзімізше шеш- пекке ары аудардық, бері аударып көрдік, бірақ миымыз жетпеді, ақырын орнына қойдық.

ҚАМШЫНЫҢ 13 ТҮРІ

Қазақ қамшыны қашанда төріне іліп, қасиетті, киелі санаған. Ата- баба салтымен қамшыға айрық ша құрмет көрсеткен К.Жүністегінің коллекциясынан оның 13 түрін кезіктірдік. Неге 13? Кол лек ция иесі бұл санның қолөнер бұйымдарына ешқандай да қатысы жоқтығын айт- ты. Қам шыға деген сүйіспеншілігі туралы сұрағанымызда, мұны өнер туындысы деп бағалайтынын жеткізді. Жазушының ойын- ша, қамшыны тек ат əбзелі деп түсіну қате. Өйткені, бұл тек атты үйіру үшін, болмаса күрес құралы ретінде жасалмайды. «Мына қам- шының мысалы, ұзына бойына қорғасын құйылған. Сондықтан, бұл сойыл, шоқпар ретінде пай- даланылады. Бұл ретте 13 қамшы бір-біріне мүлде ұқсамайды. Мен тек бір жерінде өзгешелік бар-ау деген үлгіні ғана жинаймын. Қазір де барған жерімде назарымды тігіп, құлағымды түріп жүремін. Өзгешелігіне келсек, мəселен, мы- нау Қостанай жағының қамшысы болса, ал мынаны бұзаутіс қамшы, мынаусын жылансырт қамшы, жы- ланбауыр қамшы…» деп қаздай тізіп келе жатып жазушы əр қамшының тарихы мен иеле рін сөйлетсе, тылсымнан күй төгіліп тұрғанын баяндады. «Ахмет Əбдірайымов дейтін «халық жауы» болып 1934 жылы жазықсыз оққа ұшқан көзі қарақты оқыған кісі болатын. Соның баласы: «Мынау менің əкемнің қамшысы», деп айтып, өзі дүниеден өтерде: «Сіз ие болыңыз», деп тапсырып кетті» деді де, ішінде пышағы бар қамшыға назарымыз- ды аудартып əкетті. Көргенің – тоғыз, көрмегенің – тоқсан тоғыз деген рас екен-ау!


Қарашаш Тоқсанбай

«Егемен Қазақстан» газетінен алынып дайындалды

 

 

Пікірлер