Әзімбай Ғали: Соғыс болмаса болды

974

Ресейді әскери қылмысы үшін Гаагада халықаралық сот күтіп тұр. Халықаралық mh17 ұшағын Ресей атқыштары аспанда ұшып бара жатқан азаматтық ұшақты Донецк-Луганск өлкесінде (Украина аспанында) атып түсірген.

Батыс елдері Гаага қаласында Ресейді сол халықаралық қылмыс үшін айыптап соттамақ. Айыптаудың негізгі саяси салмағы Ресей президенті Путинге түспек. Олай болса Ресейдің халықаралық абыройы одан ары төмендейді. Ресейдің экономикасы соңғы алты жылда стагнацияға түсіп, халық тұрмысы нашарлап келеді.

Ресейге шет елдік инвестициялар керек, бірақ Қытайдан басқа қарыз беретін мемлекет жоқ десе болады. Бұндай ауыр және қолайсыз жағдайда Ресей Қытайға тәуелді мемлекетке айналады. Қытайдың да шекесі қызып тұрған жоқ. Экономикалық даму қарқыны төмендей келе каронавирусқа шалдықты. Енді оларда да Ресейдегідей экономикалық стагнация басталмақ. Ал Қазақстанның жағдайы да мәз емес: экономикасы ауқымды көршілері – Ресей, Қытай және Иран Батыс елдерінің санкцияларының астында.

Біздің бас одақтасымыз – Ресей екі мемлекетте жарияланбаған бірақ көп шығынды қажет ететін соғыс жүргізіп келеді. Оның үстіне мұнай бағасы тым төмендеп кетті – 25-30$. Коронавирус әлемдік экономикаға қосымша соққы болды. Осындай күрделі және мүшкіл жағдайда Ресей мен Қытай бізге шабуыл жасамас. Ол да болса көңілді көншітеді. Соғыс болмаса болды. Өзіміз аман болсақ болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер