«Барыс» клубы Гагарин кубогына қатысудан бас тартты

2426
Adyrna.kz Telegram
Елордалық клуб 17 наурызда плей-офф кезеңінде ресейлік «Сибирь» командасымен кездесуі тиіс болған

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде ойнаудан бас тартты. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлығына және спорттық шараларды өткізуге тыйым салуына сәйкес, «Барыс» командасы Қазақстан Республикасы аумағында Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі матчтарын өткізе алмайды», - делінген ресми хабарламада.

Осы жағдайға байланысты, «Барыс» клубы 2019-2020 жылдарға арналған Гагарин кубогына қатысудан бас тартады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурыз күні фин командасы «Йокерит» те КХЛ ойындарына қатысудан ресми түрде бас тартқан еді.

Пікірлер