Шұғыл! Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады

10617
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан астанасы мен Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылады.

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Осыған сәйкес, 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап екі мегаполисте карантин жарияланады.

 

Пікірлер